"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Біз туралы


 

Жас туристер стансасы 1971 жылдың қараша айынан бастап қызметін атқарып жатыр. 800 м2  көлеміндегі ғимаратында орналасқан балалардың экскурсиондық – туристік базасы (сол кездегі атауы), туристер стансасы болар алдында № 5 мектепке дейінгі балалар үйі болған және ХІХ ғасырдың аяғында салынып Жанқожа батыр, 62 көшесінде орналасқан (көшенің бұрынғы атауы Фрунзе көшесі). 2005 жылға дейін туристер стансасы облыстық балалар экскурсиондық – туристік базасы болып саналды, ал 2005 жылдан бастап Ақтөбе қаласының білім бөлімінің жанындағы «Қалалық жас туристер стансасы» мемлекеттік қомуналдык қазыналық кәсіпорны статусын алды. Қазіргі таңда қала және облысымыздың балалар және жасөспірімдер туризімін, өлкетану және экология бағытын дамыту мен насихаттау жұмыстарын жүргізетін жалғыз мектептен тыс білім беру мекемесі болып, балаларға бос уақытын тиімді және пайдалы қолдануына, салауатты өмір салтына, туған өлкесінің тарихымен мәдениетіне, біздің облысымызда мекендейтін халықтардың салт – дәстүрлеріне қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге мүмкіншілік береді. Стансаның оқу – тәрбие процесі үш бағытта атқарылады: спорттық – туристік, туристік – өлкетану, туристік – экологиялық бағыттары бойынша. Жылда қаланың 700 астам балалары қалалық жас туристер стансасының  білім беру қызметін тегін алады.
Сонымен қатар, туристер стансаның негізгі міндеттерінің бірі, жасөспірімдерді, жастарды және ересек адамдарды туристік – өлкетану қызметі арқылы спортқа баулу болып табылады.
Туристер стансасының педагогикалық ұжым жұмысының ұраны «Азаматты тәрбиелеу – өз елінің патриотын тәрбиелеу».

Қалалық жас туристер стансасындағы туристік-экологиялық- өлкетану қызметі - оқушылардың танымдық қызығушылығын құрамдастырудың негізі және сабақтан тыс уақыттағы үйлесімді тұлғаның кешенді тәрбиеленуі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты  бағдарламалық мақаласында  Қазақстанның  басқа да орта, техникалық, кәсіби және жоғары оқу орындарында «Өлкетану» пәнін дербес міндетті  оқу курстары сияқты тең қатарлы өткізуді ұсынды, сондықтан оны орындау мақсатында туризм және өлкетану оқу орталығы болғандықтан   Қалалық жас туристер стансасы, Ақтөбе қаласы және облысында  балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология  сұрақтары бойынша үлкен жұмыс атқарып келеді.
Туристік-өлкетану қызметі барысында тәрбиенің барлық түрі шоғырланады: патриоттық, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі, экологиялық; оқушылардың ой-өрісін мейлінше арттырады, танымдық белсенділіктері дамиды, денесі шынығады, бос уақыттары  тиімді өткізіледі, оқушылардың еркін және адамгершілік, ұжымшылдық қасиетін тәрбиелеу, өмір және еңбек қызметіне дербес ынтасын жетілдіру. 
Жорықтарда, экспедициялар және экскурсияларда оқушылар туристік-өлкетану бағытындағы тапсырмаларды орындайды, табиғи және мәдени ескерткіштерді, табиғатты қорғау бойынша жұмыс өткізеді.
Қалалық жас туристер стансасының  оқу – тәрбиелік қызметі -  2007 жылдан бастап «Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігінің өсуі арқылы үйірмешілердің танымдық  қызығушылығын, салауатты өмір салтына ұмтылуын,  Ақтөбе қала мектеп оқушылары арасында балалар – жасөспірімдер туризмін, өлкетану және экологияны белсендендіруін құрамдастыруы» ҚЖТС жалпы жұмыс мәселесімен анықталып, келесі міндеттердің орындалуын талап етеді:

  • мектеп базаларында және стансада туристік – экологиялық – өлкетану қызметін ұйымдастыру,  бұқаралық балалар – жасөспірімдер туризмін дамыту;
  • туған өлкені тәжрибелік тануы, қоршаған ортамен, тарихи және мәдени ескерткіштерімен  танысуы арқылы   мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру;
  • туристік – өлкетану қызметі шартында жеке тұлғаның үйлесімді  кешенді тәрбиеленуі;
  • табиғатпен етене араласу, еркіндік және адамгершілік тәрбиесі арқылы өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу;
  • экскурсиондық қызметін белсендендіру;
  • оқушылардың белсенді демалысын ұйымдастыру, экологиялық мәдениетін құрамдастыру.

Оқу жылының басында  50 үйірме тобы жасақталып,  спорт – туристік, туристік – өлкетану, туристік – экологиялық  жұмыс бағыты бойынша 720 оқушының  тізімдік құрамы құрылды.  Стансада 18  үйірмеде 15 қала мектептері мен колледждерінен оқушылар білім алады.
Үш жылғы кадрлар бойынша сапалық көрсеткіш:
2014-2015 оқу жылы -26,7%, 2015-2016 оқу жылы -26,6%, 2016-2017 оқу жылы -26,6%
Қосымша білім беру оқушылардың оқу барысында алған білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, болашақ мамандық бағытының негізін анықтауға жағдай туғызады.  ҚЖТС  жұмыс жүйесінің басты құнды қасиеті балаларға өзін жеке тұлға ретінде қызығушылық, потенциалдық мүмкіншілік және икемділік есебінен жағдай жасауға үлкен дәрежеде мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған қажетті  жағдайларды жасау  үшін орындалатын міндеттер:
- оқушылардың кәсіби бейімделуін есепке ала отырып, қосымша білім беру педагогтерінің озат тәжірибелерін тарату және оқытуды жалғастыру;
- оқушылардың қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұндылығын жаңартылуын қарастыру;
- жеке тұлгага бейімделген негізде ғылыми – әдістемелік жұмыс жүйесі  арқылы педагогикалық кадрлардың кәсіби өсу моделін енгізу және өңдеу.
Оқу  барысында  педагогтермен ақпараттық  - әдістемелік және дидактикалық материалдармен  қамтамасыз ету мақсатында дайындалды:
- туристік көпсайыстар бойынша  қалалық жарыстарды өткізуге арналған дидактикалық материалдар (түйіндер, алаулар үлгілері, ЖЖЕ, алғашқы дәрігерлік көмек, картография бойынша тесттер, жақын аймақтардың түрлі түсті карта – схемалары;  Ақтөбе қаласының маңындағы елді мекендер бойынша бір күндік және екі күндік жаяу жорықтардың маршруттық құжаттары дайындалды және маршруттары өңделді. (Н. Шуренбаев);
- білім беру қызметі  жұмысында ең үздік туристік мекеме  байқау жұмысына арналған фотоматериалдар (А. Кенжатова, А.Кубашева );
- экскурсиондық маршруттардың  түрлері өңделді. (А. Кенжатова);
- көрнекі құралдар Мамбетниязова Ж.Қ «Бөлме өсімдіктері», «Дәрілік өсімдіктер», фото-гербарий «Туған өлкемнің өсімдіктері»;
- оқу-әдістемелік құралдар Б.Ногаева «В помощь краеведам», Н.Шуренбаев «Готовимся в поход», Н.Нұрмағанебет «Оказание первой доврачебной помощи», А.Бекбергенова «Өлкеміздің тарихи ескерткіштері», Ж.Мамбетниязова «Сабақ кілті - ізденіс»;
Жумашева Ж.Е «Өлкетану сабақтарындағы ойындарды өткізу»;
- тәрбие шараларының сценарийлері жинағы  Ногаева Б.К, Бекбергенова А.И, Утарбаева А.Б;
- әр түрлі тақырыптағы тәрбие сабақтарының әзірлемелері;
ҚЖТС екі блок жұмыс жасайды: әдістемелік және бұқаралық шараларды ұйымдастыру, станцияның жылдық жоспарына сәйкес барлық туристік-экологиялық-өлкетану қызметі жүзеге асырылады. Ғылыми-әдістемелік қызметінде біз педагогтарды  әр түрлі деңгейдегі семинарларға, конференцияларға қатысу мен өткізуге, қалалық шараларды әдістемелік қамтамасыз ету, жас педагогтармен жұмыс, туристік-экологиялық-өлкетану бағытындағы кадрлардың қайта даярлау   курстарынан өтуі, оқушылармен  іздеу-зерттеу қызметі, ғылыми-әдістемелік және педагогтың басылымдары, мектептердің мониторинг қызметіне біршама көңіл бөлінеді.
Туристер стансасы қалалық облыстық семинарлар өткізіп, қала және облыс мектеп мұғалімдеріне туризм, өлкетану, экология бағыттарын дамытуды дәріптейді, сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырады.
Мекеме туризм, өлкетану және экология бағытындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізу барысында, ғылыми жұмыс жазуға, байқаулар кезінде ғылыми жұмыстарға материалдар дайындағанда, әр түрлі деңгейдегі конференциялар өткізгенде іздеу, зерттеу, талдау, салыстыру әдістерін қолданады. Бұл кепілдеме қосымша білім беру педагогтарының практикалық қызметінде, озық педагогикалық тәжірибе жинақтауға үлгі болады. Стансадағы үйірме оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік  конференциялардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.
Оқу жылы ішінде қосымша білім беру педагогтерінің үйірме оқушыларымен жүргізетін тәрбие жұмысы төмендегідей:
- үйірме оқушыларымен әр түрлі тақырыпта жеке және топтық әңгіме өткізу (жол ережесін сақтау, өрт қауіпсіздігі, бала құқығы, зиянды әдеттердің алдын алу, тұмаудың алдын алу, төзімділік мәдениетінің тәрбиесі, оқушылар арасында  экстремистік көңіл-күйді ескерту және т.б)
Тәртібі қиын тіркеуінде тұрған оқушылармен және олардың ата-аналарымен педагогикалық бақылау күнделігі жүргізіледі.
-  үйірме оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, танымдық, зияткерлік, физикалық және басқа да қабілеттерін дамыту және қалыптастыру мақсатында туристік-өлкетану, экологиялық, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізеді.
- үйірме оқушылары жеке тұлғасының даму диагностикасы
- класс жетекшілермен жұмыс (үйірме оқүшылары туралы ақпарат алмасу)
- ата-аналармен жұмыс, төмендегі түрлерін атауға болады:
*жеке әңгіме, мекеменің оқу процесі бойынша кеңес беру, олардың балаларын іс-шараларға қатыстыру, тәрбиелеу, оқыту;
*ата-аналар жиналысын ұйымдастыру (мектептегі ата-аналар жиналысына бару);
*іс-шараларды дайындауға және ұйымдастыруға ата-аналарды жұмылдыру;
*үйірме сабағына қатысу;
Туристер стансасы болашақта дамыту үшін өз қызметін жалғастырады:
- оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
- оқушылардың жас ерекшелік және физикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып әр түрлі шығармашылық қызметті ұйымдастыру және басшылыққа алу.
Осы міндеттерді орындау үшін педагог қызметкерлер басты әдістер кешенін қолданады:
-қызметтің түріне қарай оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту;
- оқушылардың дене тәрбиесі қызметінің дағдысын қалыптастыруға жаттықтыру;
- бағдар беру құндылықтарының бекітілуіне көз жеткізу;
- оқушылардың өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ету;
- шығармашылық шоғырлану - ұжымдық қызмет жағдайында тәрбиемен қамтамасыз етіледі.
ҚЖТС қызметіндегі мәселелер:
- мектептерде стандартты туристік құрал-жабдықтардың болмауы;
- мектеп әкімшілігі мен туристік-өлкетану үйірме жетекшілерінің арасында байланыс пен ынтымақтастықтың жетіспеуі;
- мектеп базасында үйірме сабақтарын өткізуге кабинеттер мен спортзалдардың жетіспеуі;
- оқушылардың басқа қалаларға және өңірлерге шығуын қамтамасыз ететін мәселенің шешілмеуі;
- ҚЖТС-ның штаттық кестесінде тур ұйымдастырушы мен психологтың болмауы;
ҚЖТС қызметіндегі негізгі мақсат:
- мектептердегі туристік-өлкетану қызметіндегі жоспарланған және өткізілетін іс-шаралардың көлемін ұлғайтуды енгізу және жеделдету;
- баспа қызметі;
- ҚЖСТ-ның туристік-өлкетану қызметін көпшілікке насихаттау үшін республикалық ғылыми-әдістемелік «Соқпақ – тропинка» журналына ғылыми-әдістемелік материалдар жариялау;
- ҚЖТС-ның басқа да балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану  мекемелерімен ынтымақтастығын кеңейту, өңіраралық, республикалық семинарларға қатысу;
Ұжым үнемі нәтижелі, инновациялық шығармашылық ізденіс үстінде болса да ҚЖТС қызметінің жетістіктерімен қатар бірқатар мәселелер де бар.
Алдағы уақытта ҚЖТС ұжымы жас туристер және өлкетану қосымша білім беру мазмұнын жаңартуға, балалардың туристік-өлкетану білімінің сапасын арттыруда педагогикалық құрамның сапасын көтеру үшін жағдай жасау қажет.  
Қазақстанның басқа өңірлеріндегі балалар туристік мекемелерімен байланысты кеңейту, мектептегі тарихи-өлкетану музейлері қызметі санын көбейту және жұмысын жандандыру, мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  туризм мен өлкетануды көпшілікке тарату.