"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бақытты бала» жобасы аясында

«Ару қала- Ақтөбе!» атты қала бойынша тақырыптық экскурсия туралы ақпарат

2018 жылдың 28 наурыз куні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бақытты бала» жобасы аясында Қалалық жас туристер стансасының үйірме оқушыларына «Ару қала - Ақтөбе!»  атты қала бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия бағыты Батыс-2 ауданы Қалалық жас туристер стансасынан басталып – Ақтөбе қаласының тарихи – мәдени, архитектуралық орындары және Әлия мұражайы, Темір жол мұражайы, Әбілхайыр хан ескерткіші т.б нысандары қамтылды.

Экскурсияның мақсаты: Ақтөбе қаласының құрылу тарихи кезеңдері, архитектурасымен таныстыру және өлкемізден шыққан батыр тұлғалары туралы ақпарат беру, оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Экскурсияға «Географ-краевед», «Географ-өлкетанушы», «Атамекен», «Туған – өлкем»  үйірме оқушыларынан 30 оқушы қатысты.

Жалпы экскурсия бойынша оқушылар үлкен әсер алды. Қала тарихымен, батырларымыздың ерліктерімен және аңыз әңгімелерімен танысып, білімдерін кеңейтіп және «Әлия» мұражайы мен «Темір жол» мұражайын тамашаладық. Оқушылар демалысты тамаша көңіл-күймен өткізді.

 

 

Қалалық жас туристер стансасының

Педагог ұйымдастырушысы: Сағындық Әйгерім Өтешқызы