"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Бақытты бала» жобасы аясында  «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілгені туралы ақпарат

Қалалық жас туристер стансасы 2018 жылы 30 наурыз күні 6 - 11 класс аралығындағы  мектеп оқушыларына арналған «Арайлы Ақтөбе - туған өлкем!» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді.  

Еліміздің жас ұрпақтарын азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру мен туристік-өлкетану жұмысының инновациялық әдістері мен түрлерін ізденуге баулу мақсатында ұйымдастырылған конференцияны өткізу дәстүрге айналған. Конференция барысында мектеп оқушылары үш бағытта ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады.

«Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қалалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қала мектептерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан 26 оқушы қатысты.

Конференцияға қатысу барысында оқушылардың өз атамекеніне деген құрметтері, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері артып, туған жерінің тарихы мен белгілі қайраткерлерін құрметтеп ізденуге құштарлықтары артты. Жеңімпаздарды әділ-қазы құрамындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университетінің кандидаты және облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері анықтап, баға берді.

Үш бағыт бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:

«Тарихыңды таны – тұлғанды құрметте» бағыты бойынша

І орын - Тулегенов Болатбек № 47 орта мектебі

ІІ орын – Шоқанов Медетхан № 60 орта мектебі, Умаргалиева Лейла Қалалық жас туристер стансасы

ІІІ орын - Батырбекұлы Сұлтанбек №28 орта мектебі, Жақып айсұлу, Саматова Карина Қалалық жас туристер стансасы

«Шежіре тұнған – құт мекен» бағыты бойынша

І орын – Сокуров Айбек № 59 орта мектебі

ІІ орын – Есенова Дильназ № 27 орта мектеп-лицейі

ІІІ орын – Қасымхан Мереке, Ундыбаева Мадина № 60 орта мектебі, Смадиярова Ақниет Қалалық жас туристер стансасы

«Табиғат – алтын бесік» бағыты бойынша

І орын –Мамбетова Жансая Қалалық жас туристер стансасы

ІІ орын – Құттығұл Дильназ Қалалық жас туристер стансасы

ІІІ орын – Қалмырзаұлы Асылан М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебі

Жеңімпаздар Қалалық білім бөлімі, ғылыми-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды. Конференция қатысушыларына сертификаттар және тезис жинақтары тарту етілді.