"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық»

Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық» лагері  үш ай бойы толыққанды демалыспен, шаттық пен қуанышқа толы мекен. Достық лагерінің ерекшелігі спорттық туризм бағытында жұмыс жасайды.  

 

«Достық» жазғы лагері қызықты және әртүрлі бағдарламалардан, тәжірибелі педагогикалық кадрлардан тұрады. Лагердегі жұмыстың басым бағыттары: әр түрлі сауықтыру іс-шаралары және ойын-сауық түрлері, таза ауадағы  демалыстар, денсаулық, спорттық және туристік іс-шаралар, мәдени шаралар, экскурсияларды ұйымдастыру.

 

«Достық» жазғы лагері  – бос уақытты қызықты әрі тиімді өткізу, көптеген достармен, белсенді, көңілді тәрбиешілермен, тәлімгерлермен араласу орны болып табылады.

 

Осы жазда лагерь 7 жастан 14 жасқа дейінгі 800 балаға, Ақтөбе қаласының білім беру бөлімінің жеңілдік санатындағы балалармен, кез келген демалғысы келетін балаларды қабылдады.

 

«Достық» жазғы лагерінің жанында «Батыр» шатырлы лагері жұмыс істейді.

 

Лагердің басты мақсаты - туристік өмірдің дағдыларын меңгеру, жер бетін бағдарлау, картада жұмыс істеу, «Менің Отаным - Қазақстан» Республикалық туристік және жергілікті экспедициялар бағдарламасына жас туристерді дайындау болып табылады. Сонымен қатар «Батыр» шатырлы лагерінде алау жағу, түйін байлау және жорық кезінде жол кедергілер мен өзеннен өту әдістерін үйренеді.

 

4 шілдеден бастап «Достық» жазғы лагерінің 3 маусымы басталды. Бұл маусымда 240 бала демалып жатыр. «Достық» жазғы лагерінің 3 маусымының салтанатты түрде ашылуы 5 шілдеде өтті. Салтанатты ашылуының құрметті қонағы Ақтөбе қаласының әкімі И.С.Испанов болды.

 

3 маусымның салтанатты ашылу рәсімінде «Бақытты бала» жобасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай 5 жетім балаға 50 мың теңге көлемінде сертификат және 21 аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті оқу құралдары табыс етілді. «Батыр» шатырлы лагеріне доптар, барлық демалушы балаларға балмұздақ берілді. Ашылу салтанатында сыйлықтармен ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл алған түлектер атап өтілді. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының әкімі И.С.Испанов  туризм сабағына қатысып, «Батыр» шатырлы лагерінің жұмысымен, «Достық»  жазғы лагерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.