"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Астананың 20 жылдығы және Ақтөбе облысының «Бақытты бала» жобасы аясында өткізілген «Жайдарлы жаз- 2018» облыстық балалар лагерлері фестивалі аясында өткен «Сәлем, Ақтөбе!» таныстырылымы бойынша

АҚПАРАТ

 

Ақтөбе облысының білім басқармасы,«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен

 

2018 жылдың 27 шілде күні сағ.10.00-12.00 уақыт аралығында «Қалалық жас туристер стансасы" МКҚҚ жанындағы «Достық» жазғы лагері алаңында «Сәлем, Ақтөбе!» лагерлер таныстырылымы Астананың 20 жылдығы және Ақтөбе облысының «Бақытты бала» жобасы аясында өткізілетін «Жайдарлы жаз-2018» облыстық балалар лагерлері фестивалінің қорытынды бөлігі

 

(3 кезең) өтті.

 

Фестивальдің басты мақсаты мен міндеттері дарынды балаларды анықтау – өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беру, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеру, жолдастық, сыйластық, өзара көмек көрсету, адами қасиеттерді ұғыну болатын.

 

Жалпы фестивальға 5 команда белсене қатысты. Атап айтар болсақ, «Достық» жазғы лагері,«Шұғыла» жазғы лагері, «Асем» жазғы лагері, Алға аудандық «Ақ көгершін» шатырлы лагері,Хобда аудандық «Достық» жазғы лагері.

 

Қатысушы команда балалары өздерін түрлі өнерлерімен баулып, жан-жақты  көрсете білді.

 

«Сәлем-Ақтөбе!» лагерлер таныстырылымы төмендегідей екі кезең бойынша өткізілді:

 

1.Сәлемдесу: «Бұл-біздің лагерь!». Әр команда еркін түрде өз лагері туралы 5 минуттық таныстырылым

 

2.Шығармашылық марафон: «Лагерьде өткен бір күнім». Командалар өз лагерлерінде өткізілген бір күнін шығармашылықпен көрсетуі тиіс. (7 минут уақыт берілді)

Барлық қатысушы командалар  Ақтөбе облысы білім басқармасының дипломдарымен (Алғыс Хат) және сыйлықтармен марапатталды.

 

Бүгінгі мерекелік іс-шара өз деңгейінде өтті.

 

Қатысушы  команда балалары және тәлімгерлері,тәрбиешілері командалар арасында бір-бірімен тәжірибе алмасып, көрермен қауымға әдемі жарқын көңіл-күй сыйлап, үлкен серпіліс алып,шаттықпен өте разы болып тарасты.

 

Ақпаратты жазған: «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК әдіскері Ибраева Асемгуль Сагиновна