"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Алтын күз – 2018

және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп оқушылары арасындағы спорттық туризм техникасы бойынша 2 күндік «Алтын күз -2018» жарысы өткен болатын. Бұл жарыс жылма – жыл дәстүрлі түрде өтіп келеді. Атаулы іс-шара өскелең ұрпаққа спорттық туристік шеберліктің арттырылуы, салауатты өмір салтын насихаттау, маңызды тәрбиелік құрал ретінде оқушылар арасында спорттық туризмді дамыту, командалар арасында ең мықтыларды анықтау, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткізілді. Бұл жарысқа барлығы қаланың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 6-11 класс оқушыларынан 67 оқушы, жалпы 11 құрама команда қызығушылықпен қатысты.

Байқаудың бірінші күні өткен «Туған жер» тақырыбындағы фотосуреттер кезеңінде қатысушы командалардың дайындаған фотосуреттерінен туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді демекші өз еліне және оның болашағына қатысты сезімі мен ойын сапалы және бейнелі түрде мазмұндай алатын патриоттық сезімдері байқалды, туған жеріміздің, өлкеміздің ең көрікті, әсем жерлерінен фотосуреттерін тамашаладық.«Ең үздік ас» байқауында қатысушы командалар дала жағдайында, алау жағып, туристік ас дайындап, шебер аспаздық қырларынан да танылды. Кешкі уақытта өткен «Визиттік карточка» жарысында қолдарына гитара ұстап бас қосып, туристік әндер айтып, жастар бойындағы адамгершілік және азаматтық ұстанымды байқадық және қатысушы оқушылардың қиял, танымдық қызығушылықтары аңғарылды.

«Жеке», «Байлам» жарыстары кезінде команда қатысушылары туристік сақтандыру киімдерін киіп, өздерін тосып тұрған түрлі жол кедергілерінен мүлтіксіз өте білді. «Азимуттық жүріс» кезеңінде қатысушылар бақылау нүктесінің градусы мен қашықтығы бойынша маршрут сызбасын құра білді, бұл кезең балалардың бағдарлау дағдысын қалыптастыруға септігін тигізеді. «Топографиялық белгілер» бойынша жарыстар өтті , ал екінші күні «Кросс- жорық» арақышықтығы бойынша жарыста командалар қиын да қызықты сүрлеу-соқпағы көп кедергілерден өту сәтінен сәтті өте білді. Бұл жарыс балалар –жасөспірімдер туризмінің әдістемесін игеруіне үлкен мүмкіндік береді. Негізгі идея оқушыларды салауаттылыққа ынталандыру,туризмді дамыту, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға,уақытты тиімді пайдалануға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – салауатты, білімді, дені сау жастар. Қатысушылар таза табиғат аясында түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе білді. Әрбір команда жеңіске жету жолында жоғары белсенділік танытып, өздерін жан-жақты қырларынан таныта білді.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша қатысушы командаларға жарыстың түрлі кезеңдерінен мүдірмей өту оңайға соқпады, дегенмен жас команда қатысушыларына түрлі кезең қиыншылықтарынан төзімділікпен өтуге тура келді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- дегендей бұл жерде топтаса, жұмыла, бірлесе, ұжымшылдықпен жасаған жұмыс қана нәтижесін берері айқын көрінгендей.

Екі күндік жарыста қатысушы команда балалары бір-бірлерімен достасып, тәжірибе алмасып, сонымен қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеріп,ой-өрістері мен іс-әрекеттері кеңейіп, көтеріңкі көңіл- күймен тарасты.

Қорытынды топтық есепте жүлделі орындарды төмендегі командалар иеленді:

  • I орынды- №1 ОМ «Жас талап» командасы,
  • II орынды - Қалалық жас туристер стансасының «Көкжиек» командасы,
  • III орынды - № 31 ОМ «Қыран» командасы,
  • III орынды - № 25 ОМ «Рассвет» командасы.

Жеңімпаздар Қалалық білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығының мадақтама, дипломдарымен және Қалалық жас туристер стансасының кубок, медальдарымен марапатталды. Балалардың көңіл-күйлері мен құлшыныстарына қарағанда мақсатқа жеттік деп айта аламыз.

Барлық командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Дайындаған: «Қалалық жас туристер стансасының» МКҚК әдіскері

Ибраева Асемгуль Сагиновна