"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және мұғалімдер күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы спорттық туризм техникасы бойынша жарысының ақпараты

2018 жылы 3-4 қазан күндері  қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және Мұғалімдер күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы спорттық туризм техникасы бойынша жарыс өтті.

 

Жарыстың негізгі мақсаты: Туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, білім беру қызметкерлері арасында туризмді дамыту, командалар арасындағы ең мықтыларды анықтау, спорттық – туристік шеберліктің арттыру.

 

Жарыс Өрлеу елді мекеніндегі «Достық» лагерінде өтті. Жарысқа қаламыздың мектептерінен білім саласы қызметкерлерінен 9 топ, яғни 54 мұғалім қатысты.

 

Білім қызметкерлері арасындағы екі күндік жарыстың бағдарламасы бойынша «Жол кедергілері», «Лидер» спорттық бағдарлаудан «Жеке» және «Эстафета» қашықтықтары бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар «Үздік туристік ас дайындау», «Фотосуреттер», командалардың өзін-өзі таныстыруы және бардтық ән орындау байқауы өткізілді. Қатысушылар таза табиғат аясында түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, нәтижелерге қол жеткізді. Әрбір команда жеңіске жету жолында өздерін жан-жақты қырынан көрсете білді.

 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Мұғалімдер арасында жалпы топтық есепте:

І орын - №70 ЖББОМ

ІІ орын – №45 ОМ

ІІІ орын – №40 және №53 орта мектептер

 

Жарыстың жеңімпаздары Ақтөбе қаласының білім бөлімі атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, және қалалық жас туристер стансасының атынан кубоктармен, медальдармен, мадақтамалармен марапатталады.