"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Туристік-өлкетану жұмыстарын жаңа заман талабына сай ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері»

13.11.2018 ж. Қалалық жас туристер стансасындағы педагогтер арасында «Туристік-өлкетану жұмыстарын жаңа заман талабына сай ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

 

Мақсаты: туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және теориялық білім деңгейін артыру, спорттық-туристік шеберліктің әдістерін меңгерту.

 

Семинардың теориялық бөлімінде жерлес ақын-жазушыларымыз Тахауи Ахтанов пен Өтебай Канахиннің 95 жылдық мерейтойына орай баяндама жасалды. Практикалық бөлімде «Өрт қауіпсіздігі», «Жергілікті жерде бағдарлау. Азимут», «Үйірме сабақтарын өткізудің әдіс-тәсілдері» тақырыптарында дәрістер оқылды.

.