"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Күзгі Қарғалы» жорығының ақпараты

2018 жылдың 17 – 18 қараша күндері аралығында Қалалық жас туристер стансасының «Жаяу туризм», «Спорттық туризм», «Көкжиек» үйірмелерінің оқушылары Қарғалы ауданына жаяу жорыққа шықты.

 

Жорықтың мақсаты: Бағытты көрсетілген мерзімде өтіп, «Қазақстан саяхатшысы» белгісіне жорық нормотивін тапсыру,салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Жорық бағыты: «Ардағым балық өсіру қожалығы – Қарғалы су қоймасы – Ардағым кемпингі – Ардағым балық өсіру қожалығы». Бағыттың жалпы ұзақтығы 17 шақырымды құрады. 1 – күннің бағыты 10.00 де басталды, 13.30 – 15.30 аралығында түскі асқа дамылдады, 17.30 – да түнейтін орынға келіп жетті. 2 – күні 13.30 – да басталып 15.30 – да аяқталды.

 

Жорық барысында топ мүшелері жол кедергілерінен өтті, яғни, тоғыз перевалды бағындарды, бағыттың ең биік нүктесі 313 метрді құрады, далалық жағдайда тамақ пісіріп, тамақтанды, бағдарлау элементтерімен жұмыс жасады, Морзе әліппесін меңгерді, бивуак жұмыстарымен айналысты және шатырда түнеді.

 

Жорық жоспарланған уақытты басталып сәтті аяқталды. Саяхатшылар туристік шеберліктерін шыңдап, үлкен қуанышқа толы көңілмен оралды.