"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған үйірмешілік қысқы спорттық бағдарлау жарысының ақпараты

Қалалық жас туристер стансасы  2019 жылдың 6 қаңтарында үйірмешілік қысқы спорттық бағдарлау жарысын өткізді.

Жарыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында спорттық бағдарлауға қызығушылықтарын арттыру, спорттық картамен жұмысты меңгеру, қатысушылар арасында ең мықтыны анықтау және оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру.

Жарысқа Қалалық жас туристер стансасының білім алушыларынан 30-ға жуық оқушы қатысты.

Бұл жарыс жеке дистанция бойынша өткізілді. Қатысушылар жыл категориясына және ұлдар мен қыздар арасында бөлініп жарысты.

Қатысушылардың басты мақсаты, бақылау нүктелерін тез арада тауып, тұсбағдармен белгілеп, мәреге оралу.

Әділқазылар мүшелері жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер стансасының марапаттау қағаздарын табыс етті.

 

Жүлделі орын алған оқушылар тізімі:

 

Ұлдар арасында

І орын – Кутлубаев Аскар, № 1 ОМ.

ІІ орын – Богенбаев Айдос, ҚЖТС.

ІІІ орын – Кадиржанов Нуржан, № 60 ОМ.

ІІІ орын – Процук Артем, № 1 ОМ.

 

Қыздар арасында

І орын – Амангелдиева Жұлдыз Новый ОМ.

ІІ орын –  Сакенова Индира, № 1 ОМ.

ІІІ орын – Әбіш Қарақат, № 60 ОМ.

ІІІ орын – Салимгореева Азиза, № 65 ОМ.