"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының150 жылдық мерейтойы, 2019- жастар жылына орай ұйымдастырылған «Жас педагог-2019» байқауының өтуі бойынша АҚПАРАТ

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.


Әл-Фараби


Ө
тетін орны, күні, уақыты: 29.01.2019 ж., сағ.10.00 , № 301 кабинет 


Қатысушылар:
ҚЖТС жас қосымша білім беру педагогтары


Мақсаты:
педагогтарды өз білімдерін жетілдіру тұрғысынан белсенділіктерін қалыптастыру, әдістемелік ізденіске , инновациялық шығармашылық қызметіне деген қызығушылығын дамыту, кәсіби деңгейі жоғары және шығармашылықта жұмыс істейтін педагогтарды анықтау.


Көрнекілігі:
  слайд, гүлдер,  шарлар т.б.


Қалалық жас туристер стансасында 29 қаңтар күні Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және 2019- Жастар жылына орай  ұйымдастырылған


«Жас педагог -2019» байқауы өтті.


Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:

  1. «Педагог портфолиосы» байқауы
  2. «Менің педагогикалық ұстанымым» өзін-өзі таныстыру
  3. Ашық сабақ әзірлемесі
  4. «Мен – экскурсаводпын!» байқауы
  5. Сұрақ-жауап кезеңі

Байқауға өз еркімен 6 жас қосымша білім беру педагогі қатысып, бақ сынасты. Байқау барысында қатысушы жас мамандар өздерін шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл идеялы, ой-өрісі кең, жан-жақты, шеберліктері жоғары ерекше тұлға екендіктерін көрсете білді. Байқау нәтижесі бойынша «Зерделі жас маман» номинациясын Г.С.Алмақ, «Жаңашыл жас маман» номинациясын Ә.Ө. Сағындық иеленді.

I- орынды П.Ж.Мұсағалиева,

II- орынды Н.С.Абдульдина,

III- орынды А.М.Тоқсанбаева, Ж.Ж.Бақытжанова иеленді.

Педагогтар барлық  ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да, педагогтарды ерекше қадірлейді. Сондықтан педагогтар мамандығымызды қадірлейік, атына кір келтірмейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі байқауымызды тәмәмдаймыз дей келе қорытыланды.
Жеңімпаздар қалалық жас туристер стансасының мадақтамаларымен марапатталды.

Ақпаратты  жазған: ҚЖТС әдіскері  Ибраева  А.С.