"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Үйірмешілер арасында тау туризмін жетілдіру барысында өткен «Алтын жумар» жарысы

Үйірмешілер арасында тау туризмін жетілдіру барысында өткен

«Алтын жумар» жарысының ақпараты

 

2019 жылдың 17 ақпан күні Ақтөбе қаласының №8 орта мектебінде Қалалық жас туристер стансасы, үйірмешілер арасында тау туризмін жетілдіру барысында «Алтын жумар» жарысын өткізді.

 

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың спорттық туризмге деген қызығушылықтарын арттыру, тау туризмі элементтерін насихаттау, қатысушылар арасында ең мықтыны анықтау болып табылады.

 

Жарысқа «Жаяу туризм», «Спорттық туризм», «Шыңға өрмелеу» үйірмелерінің оқушылары қатысты. Барлығы 20 оқушы болды.

 

 

Бұл жарыс жеке есеп бойынша өткізілді. Қатысушылар жыл категориясына және ұлдар мен қыздар арасында бөлініп жарысты.

 

Қатысушылардың басты мақсаты, белгілнген нүктеден тез арада жумарды асырып шығу болды. Жарыс қызықты әрі тартысты болды, қатысушылар өздерінің дайындығы мен спорттық туризмге деген құштарлықтарын жоғары дәрежеде көрсетті.

 

Жарыс аяқталған соң әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер стансасының мақтау қағаздарын табыс етті.

 

Орын алған оқушылар тізімі:

 

(2001- 2004) ұлдар арасында

І орын – Кутлубаев Аскар, №1 ОМ

ІІ орын – Бөгенбаев Айдос, НОМ

 

 (2001- 2004) қыздар арасында

І орын – Рожкова Полина, №1 ОМ

ІІ орын – Амангелдиева Жұлдыз, АСК

ІІІ орын – Сакенова Индира, №1 ОМ

 

(2005 - кішілер) ұлдар арасында  

І орын – Сагинбаев Алишер, №60 ЖББОМ

ІІ орын – Самигуллаев Еламан. №64 ЖББОМ

ІІІ орын – Процук Артем, №1 ОМ

 

(2005 - кішілер) қыздар арасында                                                                    

І орын – Ешмухамбетова Диляра, №1 ОМ

ІІ орын –  Абенова Ақерке, №1 ОМ

ІІІ орын – Мұздақбаева Карина, №60 ЖББОМ         

 

 

Педагог ұйымдастырушы           Нуржан  Нурмаганбет