"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қалалық жас туристер стансасындағы үйірме оқушылары арасында ұйымдастырылған тау туризмі техникасы бойынша өткізілген «Тау барысы - 2019» жарысы

Қалалық жас туристер стансасындағы үйірме оқушылары арасында ұйымдастырылған тау туризмі техникасы бойынша өткізілген

«Тау барысы - 2019» жарысының ақпараты

 

Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен №8 орта мектебінде 2019 жылдың  17 ақпан күні, тау туризмі техникасы бойынша «Тау барысы - 2019» жарысы өткізілді.

 

Жарыс оқушылардың спорттық – туристік белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттық - туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу, тау туризмі техникасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Жарысқа  7 - 11 класс оқушылары яғни ҚЖТС үйірмешілері қатысты, қатысушылар саны жиырмаға жуық болды.

 

Жарыс «Топтық» қашықтығы ретінде қарастырылды. Мұнда қатысушылар: «Жумармен көтерілу», «Аспалы өткелден түсу» кезеңдерінен өтіп бақтарын сынады.

         

Жарыстың қорытындысы бойынша топтар арасында:

 

І орын – «Көкжиек» тобы;

 

ІІ орын – «Жас талап» тобы;

 

ІІІ орын – «City» тобы.

 

Жүлдегерлер және белсенді қатысқан оқушылар ҚЖТС мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 

 

Педагог ұйымдастырушы           Нуржан  Нурмаганбет