"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!»

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілгені туралы ақпарат

 

Қалалық жас туристер стансасы 2019 жылы 29 наурыз күні 8-10 класс аралығындағы  мектеп оқушыларына арналған «Арайлы Ақтөбе - туған өлкем!» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді. 

 

Еліміздің жас ұрпақтарын азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру мен туристік-өлкетану жұмысының инновациялық әдістері мен түрлерін ізденуге баулу мақсатында ұйымдастырылған конференцияны өткізу дәстүрге айналған. Конференция барысында мектеп оқушылары үш бағытта ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады.

 

«Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қала және аудан мектептерінен, қосымша білім беру ұйымдарынан 51 оқушы қатысты.

 

Конференцияға қатысу барысында оқушылардың өз атамекеніне деген құрметтері, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері артып, туған жерінің тарихы мен белгілі қайраткерлерін құрметтеп ізденуге құштарлықтары артты.

 

Жеңімпаздарды әділ-қазылар алқасының мүшелегіндегі Қалалық жас туристер стансасының педагогтері, жоғары оқу орындарының кандидат, доценттері, анықтап, баға берді. Жеңімпаздар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің және Қалалық жас туристер стансасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды және сертификаттар мен тезис жинақтары берілді.

 

Төрт бағыт бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:

 

«Туған өлке - тұнған тарих» бағыты бойынша

 

І орын – Ерболат Дархан Кенкияқ орта мектебі

 

ІІ орын – Сүйінішқали Жұлдыз № 18 орта мектебі, Альбеков Алихан Қалалық жас туристер стансасы, Амангелді Аружан № 34 орта мектебі

 

ІІІ орын – Тасболатова Сумалита Қалалық жас туристер стансасы, Баймұрат Асылзат, Мұхамбетжанов Ербақыт Қалалық жас туристер стансасы, Марат Нұрарай Пригрод орта мектебі, Қайырбек Айдана № 8 орта мектебі.

 

«Тылсым табиғат» бағыты бойынша

 

І орын – Бақыткерей Хайырхафиз, Дүйсенбаева Айнұр № 55 орта мектебі

 

ІІ орын – Құттығұл Дильназ Қалалық жас туристер стансасы, Нукеева Аиша № 47 ОМ.

 

ІІІ орын –  Зарипова Альвина № 18 орта мектебі.

 

 «Шежіре тұнған - құт мекен» бағыты бойынша

 

І орын – Сыраж Ринат Баршақұм орта мектебі

 

ІІ орын – Жеңісова Дильназ, Тағыберген Луиза № 60 орта мектебі

 

ІІІ орын – Абсатова Сабина, Ахметова Роза Қалалық жас туристер стансасы

 

«Туған өлке соқпақтары» кіші экспедиция

 

І орын – Мамбетова Жансая Қалалық жас туристер стансасы

 

ІІ орын – Ибраева Аруана, Елеуова Карина Қалалық жас туристер стансасы

 

ІІІ орын – Зейноллаева Айзере, Зейноллаева Аида, Жетпісова Зарина, Шугаева Амина, Рахатова Нұрхаят, Нұрлыбай Гулнара.

 

 

       Қалалық жас туристер

       стансасының директоры                                         Бекбергенова А.И.