"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына, 2019 – Жастар жылына және Отан қорғаушылар күніне  арналған республикалық «Менің Отаным - Қазақстан» туристі -экспедициялық жасақтары слетінің облыстық кезеңінің ақпараты

2019 жылы мамырдың 3-4 күндері Қалалық жас туристер стансасы республикалық «Менің Отаным - Қазақстан» екі күндік туристік-экспедициялық жасақтары слётінің облыстық кезеңін ұйымдастырып өткізді.


Слёттің негізгі мақсат – міндеттері: Ақтөбе облысының балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, туристік - өлкетану қызметін жүзеге асыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, кіші Отанын зерттеуге тарту, білім алушылардың іздеу - зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру, практикалық қызметке қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау,   ең үздік туристік - өлкетану командаларын  анықтау.


Облыстық слётке Қарғалы, Хромтау, Қобда аудандарынан және қала мектептерінен № 46 ОМ, № 53 ОМ, № 57 ОМ, М. Құсайынов атындағы мектеп, Сымбат жеке мектебі, Қалалық жас туристер стансасының білім алушылары қатысты. Қатысушылар саны 80 – ге жуық болды.


Туристік-экспедициялық слёттің алғашқы күнінде «Экологиялық есеп» және «Туған өлке соқпақтары» презентациясы, «Спорттық бағдарлау», «Туристік түйіндер», «Топографиялық белгілер», «Жол кедергілері», «Туристік соқпақ», «Команданың визит карточкасы» номинациялары бойынша жарыс болды, екінші күнінде оқушылар «Туристік  бақылау маршрутында» түрлі туристік жол кедергілерінен өтті және «Құс ұясы» байқауы өткізілді.


Нәтижесінде топтық есепте І орынды Қалалық жас туристер стансасының «Роза ветров» тобы, ІІ орынды Қобда ауданының «Атланты» тобы, ІІІ орынды Қарғалы ауданының «Азимут» тобы иеленді. Слёттің жеңімпаздары Ақтөбе облыстық білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының дипломдарымен және кубок, медальдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Слёт барысында оқушылар өзара тәжірибе алмасып, үлкен әсер алып қайтты. І орын алған Қалалық жас туристер стансасының «Роза ветров» тобы республикалық кезеңге жолдама алды.

 


Қалалық жас туристер              

стансасының әдіскері                                           Шуренбаев Нурбек Орынбасарович