"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

 «Жарқын жаздың не деген, кереметі көп еді!»

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз,- деп оқу жылы аяяқталысымен мектеп оқушылары жазғы демалыстарын өте тиімді өткізу мақсатында «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК жанындағы «Достық» жазғы лагеріне келген болатын.

 

Жазғы демалыс уақыты сырғып өтуде. Осылайша, «Қалалық  жас туристер стансасы» МКҚК  жанындағы «Достық» жазғы балалар  лагері өз жұмысын толық, сәтті аяқтауда. 2019 жылдың  6 маусымынан 29 шілде аралығында 12 күнді қамтитын төрт  жазғы демалыс кезеңінің маусымын жақсы деңгейінде өткізді. Лагердің әр маусымы экологиялық, спорт-туристік, ғылыми-техникалық, мәдени-танымдық бағыттарында ұйымдастырылып өткізілді. Лагерімізде балалардың жазғы демалысын тиімді  ұйымдастыру үшін барынша жабдықталған. Лагерде жалпы демалыс маусымының төрт кезеңінде де аз қамтылған отбасы, көп балалы ата-аналардың балалары, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1000 астам балалар тегін ақысыз демалды. Онымен қоса, лагерь жанында 5 күндік «Батыр» шатырлы лагері де 3 маусым өз жұмысын толыққанды нәтижелі  жүргізе білді.

 

Жазғы демалыс – жалпы балалардың физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Осы бағыттарды жандандыру мақсатында тәлімгерлер мен тәрбиешілер және қосымша білім беру педагогтары демалушы балалардың осы жақта өтіп жақтқан әрбір күндерінің қызықты, көңілді, шаттықты өтуі үшін түрлі  іс-шараларды креативті өткізуге бар күш-жігерлерін пайдалануға тырысты.

 

12 күн бойы балалар түрлі үйірме жұмыстарына қатысып, өздерінің жаңашыл қырларынан көрсетуге тырысты.

        

«Достық» лагері  - балалар үшін таптырмас жазғы демалыстағы тынығу орны. Жасыл желектің ортасында орналасқан «Достық» лагерінің ерекшелігі –үнемі спорт-туристік бағытында жұмыстар жүргізіледі.Спорттық туризм үйірмесінде балалар шатыр құруды, алау жағуды, түрлі туристік жол кедерігілерінен өтіп, туристік эстафеталарға қатысады. Үйірмеге  әсіресе ер балалар үлкен қызығушылықпен  белсене қатысады. Сонымен қатар лагерде ашық аспан астындағы балалар бассейні бар. Бұл  балдырғандардың қауіпсіздігі үшін тиімді әдіс және денсаулықтың шынығуына үлкен әсері бар. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында балалардың  бассейнге барар жолында  туристік кедергілер мен  био жолдар жасалған. Лагерде бүлдіршіндердің әрбір күнін  ерекше өткізу бағытында,  күнбе-күн қызықты түрлі мәдени, зияткерлік және тағы басқа да шаралар ұйымдастырылып өткізіліп отырды. Лагерь жұмысымен қосымша балаларға  қаламыздың  мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатылды. Атап айтар болсақ,  Т.Ахтанов атындағы драма театры, «Алақай» қуыршақ театрының қойылымдарын көрсетсе, Ақтөбе қалалық «Мәдениет» үйі, Н.Байғанин атындағы кітапхана,  кеңес одағының батыры Ә.Молдағұлова атындағы қалалық музей қызметкерлері де  лагерь балаларының көңілін көтеру, білімдерін толықтыру, шаттандыру мақсатында түрлі шаралар мен тренингтер, концерттер  өткізді.

 

Бала – біздің жарқын болашағымыз! Сондықтан балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде өткізу біздің парызымыз! Лагерде  балалар  өздеріне достар тауып, жандары жайлы, демалыстары қызықты өткендігін балалардың жүздерінен байқауға болатын.

        

Лагерь ауласында асыр салған бүлдіршіндердің жүзінде қуаныш нұры ойнады. Демалушы балалардың тәлімгерлер мен тәрбиешілермен, жалпы лагерь ұжымымен қимастықпен қоштасқандары сезілді. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де, сәнді өтті!

 

 

 

«Қалалық жас туристер

 стансасы» МКҚК әдіскері                                                   А.С.Ибраева