"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Батыр» шатырлы лагері

«Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК жанындағы «Достық» жазғы балалар лагерінің «Батыр» шатырлы лагері өз жұмысын 27 маусым күнінен бастап, 13 шілде аралығында 5 күнді қамтитын 3 ауысым жұмысын толық, сәтті аяқтады.

 

Лагерьде балалар дала жағдайында тұруды, алау жағуды, компаспен жұмыс жасауды, түрлі туристік жол кедергілерінен өтуді, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді, туристік түйіндер байлауды, топографиялық белгілермен жұмыс жасауды үйренді. Сонымен қатар, демалыс барысында жаяу жорықтарға шығып, шатыр құруды және жинауды, алау жанында бардтық әндерді үйренуді, дала жағдайында шыңдалу дағдыларын меңгерді.

 

5 күн бойы балалар түрлі спорттық-туристік шараларға үлкен қызығушылықпен белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, жаңа қырларынан танылды. Жазғы «Батыр» шатырлы лагері демалушы балаларға ұмытылмастай естелікке толы демалыс сыйлады. Балалар өз алғыстарын білдіріп, лагерьмен, жаңа достарымен қимастықпен қоштасты!!!

 

 

 

«Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК

қосымша білім беру педагогі   

Үмбетияр Әлиянұр Зайроллақызы