"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Жас геолог»

Жаманшың метеориттік кратеріне Халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы және ғылыми–практикалық конференциясы

туралы ақпарат

 

2019 жылдың қыркүйектің 8-12 күндері «Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ММ Ырғыз аудандық әкімшілігі және МКҚК «Ақтөбе облыстық планетарий» ұйымдастыруымен Жаманшың метеориттік кратеріне Халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.

Экспедицияның өткізілу мақсаты: Отандық және шет елдегі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің назарын аудару, геопарк құру.  

Экспедицияға Флоренский Павел Васильевич – бірінші кратер зерттеушісі, профессор, акдемик, Ресейдің Союз қоғам жазушысы. Санкт – Петербург қаласы. Зейлик Борис Семенович – атақты Қазақстан геологы, профессор, РАЕН мүшесі, геолого-минерология ғылымының докторы Алматы қаласы. Сергиенко Елена Сергеевна – Жер физикасының кафедрасы, Петербургтің  мемлекеттік университеті - Санкт – Петербург қаласы.

Сахиев Жунис – жазушы, ҚР Союз жазушыларының мүшесі, СНГ Астрономогеодезиялық қоғамының мүшесі (Нұр-Сұлтан қаласы),  Ырғыз Торғай резерватының директоры, Ырғыз ауданының өлкетану музейінің директорлары Облыстық паленатарий, туристік фирмалар, білім және ғылыми мекемелердің қызметкерлері қатысты. 

Қалалық жас туристер стансасының «Жас геолог» үйірмесінің оқушылары –Аманқоссын Азамат, Ғалымжан Батырбек. Жетекшілері: Утарбаева Айнур, Умбетияр Әлиянұр экспедицияға қатысты.

Экспедицияның бірінші күні Лагерде орналасып, Жаманшың метеориттік кратеріне арнап қойылған белгінің ашылуы болды.

Екінші күні Жаманшың метеориттік кратеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Экспедицияда үйірме оқушыларымыз ғалымдармен сұхбаттасып, ақпарат алып, ежелгі бейт, бүркіт жартасы, сол жерде қазылған саңылау (скважина) т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кратердің жоғарғы бөлігінде ерекше әйнек-тектиттер өте көп. Жарылыс кезінде буға айналып, қаттыланып, жерге мөлдір тамшы ретінде жаңбырмен жауып, иргизит атты атауға ие болған. Осы сияқты тектит, жаманшиниттерді оқушылар өздері тауып, өз коллекцияларын жинады. Сол жергілікті жердегі өсімдіктер түрлерін жинап, үлкен қызығушылық білдірді.

Экспедицияны қорытындылау мақсатында Ақтөбе қаласында өткізілген ғылыми – практикалық конференциясында миллион жылдық тарихы бар орынды ғалымдар әлемдік деңгейде қорғалу қажет деп санайды. Зерттеушілер аймақ басшысына бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Кратердің айналасын қоршап, геопарк немесе аспан асты музейін ашу. Бұл туризмнің дамуына өз ықпалын тигізбек. Сондай-ақ, Жаманшың маңын мекендейтін, әрі қызыл кітапқа енеген аң-құстардың мәселесі талқыланды.

 

Қалалық жас туристер стансасының әдіскері

Утарбаева Айнұр Бергалиевна