"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Алтын күз-2019» облыстық жарысы

Халықаралық туризм күні, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 10 жылдығына орай спорттық туризм техникасы бойынша мектеп оқушылары арасындағы «Алтын күз-2019» облыстық жарысы

 

 

2019 жылдың 27-28 қыркүйек күні Қалалық жас туристер стансасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылыған Халықаралық туризм күні, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 10 жылдығына орай спорттық туризм техникасы бойынша мектеп оқушылары арасында «Алтын күз-2019» облыстық жарысы өткен болатын. Бұл жарыс жылма – жыл дәстүрлі түрде өтіп келеді. Атаулы іс-шара өскелең ұрпаққа спорттық туристік шеберліктің арттырылуы, салауатты өмір салтын насихаттау, маңызды тәрбиелік құрал ретінде оқушылар арасында спорттық туризмді дамыту, командалар арасында ең мықтыларды анықтау, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткізілді. Бұл жарысқа барлығы қаланың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 6-11 класс оқушыларынан 80-ге жуық оқушы, жалпы 11 құрама команда қызығушылықпен қатысты.

 

Байқаудың бірінші күні өткен «Туған жер» тақырыбындағы фотосуреттер кезеңінде қатысушы командалардың дайындаған фотосуреттерінен туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді демекші өз еліне және оның болашағына қатысты сезімі мен ойын сапалы және бейнелі түрде мазмұндай алатын патриоттық сезімдері байқалды, туған жеріміздің, өлкеміздің ең көрікті, әсем жерлерінен фотосуреттерін тамашаладық. «Ең үздік ас» байқауында қатысушы командалар дала жағдайында, алау жағып, туристік ас дайындап, шебер аспаздық қырларынан да танылды. Кешкі уақытта өткен «Визиттік карточка» жарысында қолдарына гитара ұстап бас қосып, туристік әндер айтып, жастар бойындағы адамгершілік және азаматтық ұстанымды байқадық және қатысушы оқушылардың қиял, танымдық қызығушылықтары аңғарылды.

 

«Туристік жолақ», «Техникалық» арақашықтық жарыстары кезінде команда қатысушылары туристік сақтандыру киімдерін киіп, өздерін тосып тұрған түрлі жол кедергілерінен мүлтіксіз өте білді. «Спорттық бағдарлау» кезеңінде балалардың бағдарлау дағдысын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ал екінші күні «Кросс - жорық» арақышықтығы бойынша жарыста командалар қиын да қызықты сүрлеу-соқпағы көп кедергілерден өту сәтінен сәтті өте білді. Бұл жарыс балалар –жасөспірімдер туризмінің әдістемесін игеруіне үлкен мүмкіндік береді. Негізгі идея оқушыларды салауаттылыққа ынталандыру, туризмді дамыту, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, уақытты тиімді пайдалануға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – салауатты, білімді, дені сау жастар. Қатысушылар таза табиғат аясында түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе білді. Әрбір команда жеңіске жету жолында жоғары белсенділік танытып, өздерін жан-жақты қырларынан таныта білді.

 

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша қатысушы командаларға жарыстың түрлі кезеңдерінен мүдірмей өту оңайға соқпады, дегенмен жас команда қатысушыларына түрлі кезең қиыншылықтарынан төзімділікпен өтуге тура келді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - дегендей бұл жерде топтаса, жұмыла, бірлесе, ұжымшылдықпен жасаған жұмыс қана нәтижесін берері айқын көрінгендей.

 

Екі күндік жарыста қатысушы команда балалары бір - бірлерімен достасып, тәжірибе алмасып, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеріп, ой-өрістері мен іс-әрекеттері кеңейіп, көтеріңкі көңіл- күймен тарасты.

 

Қорытынды топтық есепте жүлделі орындарды төмендегі командалар иеленді:

 

I орын- Қалалық жас туристер стансасы «Роза ветров» командасы,

 

II орын - № 53 ОМ «Пятница 13» командасы,

 

III орын - № 60 ОМ «Нұрсити» командасы,

 

III орын - Мәртөк ауданының Қызылжар ОМ «ЦДТ» командасы.

 

Жеңімпаздар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, кубоктармен және номинациялар бойынша мадақтамалармен марапатталады. Балалардың көңіл-күйлері мен құлшыныстарына қарағанда мақсатқа жеттік деп айта аламыз.

 

 

Қалалық жас туристер стансасының әдіскері

Утарбаева Айнұр Бергалиевн