"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Туған өлке соқпақтарымен» - атты жорығының ақпараты

         Жорықтың мақсаты: Туған өлкемен танысу, оқушылардың қызығушылықтарын және патриоттық сезімдерін ояту.

         Жорық бағыты: «Кеңес Нокин даңғылы – Елек өзені – Кірпішті тас көпірі – Кеңес Нокин даңғылы». Бағыттың жалпы ұзақтығы, 3 шақырымды құрады. Жорық 11.00 – де басталып, 14.00 – де аяқталды. Жорық барысында қатысушылар Елек өзенінің тарихымен танысты және өзеннің экологиялық жағдайы туралы біршама мағлұмат берілді. Және соңғы 2 жыл ішінде Елек өзенінің тамаша жағалауларының мүмкіндіктерін пайдаланған жеке кәсіпкерлер өз мүмкіндіктерін жібермей, біз жүріп өткен бағытта демалыс орталықтарын ашқан. Дала алтынға жамылғандай барлығымызды таң қалдырды, күннің салқындығына қарамастан балықшылар да жағалауда көптеп жүр. Жорық басталған соң көп ұзамай тас көпірдің арғы бетіне де өттік, өту барысында Қарғалы және Елек өзендерінің қиылысатын жеріне келіп жетіп, оқушыларға қысқаша мағлұмат берілді. Көпірден түскен соң екі өзеннің де тартылып қалғанына көзіміз жетті. Судың мөлдірлігі су астында не болып жатқанын көруге мүмкіндік берді. Тамашалап болғасын көпірден қайтадан өтіп астына түстік. Ең үлкен привал көпір астында болды, яғни түскі ас. Жұлдызша алауы жағылды, оқушылар жылынып, тамақтанды. Түскі ас біткен соң соңғы бір шақырым арақашықтықты жүріп жорыққа қатысушылар үйлеріне оралды.

         Жорық барысында топ мүшелері жол кедергілерінен өтті, туған өлке жайлы көптеген мағлұмат алды, және эмоцияға толы көңіл – күйде оралды.

 

 

Педагог ұйымдастырушы               Н. Нурмаганбет