"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және Қ. Жұбановтың 120 жылдығық мерейтойына арналған «Туристік өлкетану қызметі арқылы жаппай мектеп туризмін дамыту жолдары» атты  облыстық тәжірибелік семинарының ақпараты

2019 жылдың 25 наурыз күні Қалалық жас туристер стансасы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және Қ. Жұбановтың 120 жылдығық мерейтойына арналған «Туристік өлкетану қызметі арқылы жаппай мектеп туризмін дамыту жолдары» атты  облыстық тәжірибелік семинар өткізді.   

 

Мақсаты: жаппай мектеп туризімін қайта жаңғыртуға бағыттау, туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру,  педагогтердің өзара қатынасын  білім процесіндегі оқушылардың шығармашылық қызметіне  және оны практика жұмысына енгізуін ұйымдастыруына әдістемелік көмек  беру.

 

Облыстық семинарға қала және аудан мектептерінен 40-қа жуық педагог қатысты.  

 

Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе қаласының өлкетану бағытындағы мамандары дәріс оқыды. Практикалық бөлімінде Қалалық жас туристер стансасының әдіскерлері шебер кластар өткізіп, Облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсиясы жүргізілді.

 

Барлық қатысушыларға  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті атынан сертификаттар табысталды. 

 

Семинарға қатысушылар өлкетану бағытында көптеген мағлұматтар алып, өзара тәжірибе алмасты.  

 

 

 

Қалалық жас туристер стансасының

бөлім меңгерушісі                                                                  Мамбетниязова Ж.