"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Күзгі каникул кезіндегі «Жас турист - 2019» спорттық туризм техникасын жетілдіру бағытындағы жарысының ақпараты

Қалалық жас туристер стансасы күзгі каникул кезінде №65 ЖББОМ базасында спорттық туризм бағытында спорттық туризм үйірме білім алушылары арасында «Жас турист - 2019» спорттық туризм техникасын жетілдіру бағытындағы жарысын ұйымдастырып өткізді.

 

Жарыстың мақсаты: оқушылардың белсенділіктерін арттыру, ұжымдық істе шеберлік пен бірлікке дағдыландыру, оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын ұтымды пайдалану.

 

Жарыс барысында оқушылар спорт-туристік жол кедергілерінен өтті. Жарыста оқушылар командаларға бөлініп, 5 кезеңнен тұратын жол кедергілерінен өтті, олар: «Аспалы өткел», «Қақпан», «Маятник», «Траверс», «Бөрене» кезеңдері. Жарыс жол кедергілері түрінде ұйымдастырылып, өте қызықты, әрі тартымды өтті.

 

№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен «Жас турист - 2019» спорттық туризм бағытындағы жарысқа 30-ға жуық бала қатысып, сынға түсті. Жарысқа Благодар ОМ, №65 ЖББОМ, №39 ОМ, № 60 ЖББОМ, оқушылары қатысты.

 

Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер стансасының мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

І орын – «Роза ветров» командасы, № 39 ОМ.

 

ІІ орын – «Көкжал ТЕАМ» командасы, Благодар ОМ.

 

ІІ орын – «City» командасы, № 60 ЖББОМ.

 

ІІІ орын – «Жалын» командасы, №65 ЖББОМ.

 

 

Педагог ұйымдастырушы                          Н. Нурмаганбет