"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Тұңғыш Президент күніне арналған «Туған өлкеге саяхат» танымдық  қалалық байқауы бойынша АҚПАРАТ

 

Қалалық жас туристер стансасы 2019 жылдың 29 қараша күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Тұңғыш Президент күніне арналған «Туған өлкеге саяхат» танымдық қалалық байқауын өткізді.

 

Мақсаты – жасөспірім балаларға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге, асты-мұнайға, үсті-адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру, өз өңірімізден шыққан белгілі атақты тұлғаларды, білім, ғылым қайраткерлерін құрметтеуге, адами қасиеттерді ұғыну, дәріптеу, бағалау болатын.

 

Байқауға жалпы білім беретін қала мектептерінен  және қосымша білім беру ұйымдарынан 20 команда белсене қатысты.

 

Қалалық байқау  бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Туған өлке – тұнған тарих» кезеңінде өлкемізден шыққан белгілі тұлғаларға, мәдени орталықтарға, ескерткіштерге сипаттама беріп, «Тәуелсіздік және елбасы» кезеңінде викториналық сұрақтарға жауап берді, «Ақтөбе – құтты мекен!» байқауында мәнерлеп оқудан сынға түсіп және «Туған өлке келбеті» тақырыбындағы дайыдаған альбомдарын қорғады.

 

Төрт кезең бойынша түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, қорытынды жинақтық есеп бойынша 20 команда ішінен

I орынды -  Қалалық жас туристер стансасы

II орынды – Қызылжар орта мектебі, Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.

III орынды - № 19 ОМ, № 65 ОМ, № 40 ОМ иеленді

 

Жеңімпаздар Қалалық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дəрежелі дипломдарымен, номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Бүгінгі іс-шарада алда талай асулары бар жас өрендер білім, ғылым көгінде бірталай мағлұматтармен өз деңгейлерін толықтырып, жарқын көңілмен разы болып тарасты. Туған жерін, өлкесін сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.

 

Бөлім меңгерушісі                                            Ж. Мамбетниязова