"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Отбасы  күніне орай «Әкем, анам және  мен біз - туристік отбасы» атты спорттық - туристік жарысы

 

Қалалық жас туристер стансасы 2019 жылдың  30 – қарашасында  № 10 жалпы білім беретін орта мектепте Отбасы күніне орай «Әкем, анам және  мен біз - туристік отбасы»  атты  спорттық - туристік жарысын өткізді.

Жарыс ата - аналар мен оқушылардың спорттық – туристік белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттық - туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа  5 - 7 класс оқушыларымен бірге  ата-аналарынан құралған

6 - топ қатысты.

Жарыс кезіңде топтар әр түрлі «Қақпан», «Бурелом», «Өлкетану сұрақтары», «Траверс», «Төмпешік», «Бөренеден сырғу», «Маятник» туристік жол кедергілерінен өтіп бақ сынасты. Сонымен қатар оқушылар ата – аналарымен бірге  өлкетану  тапсырмаларын орындап, өлкетану бойынша өз білімдерін жетілдірді. 

Жарыстың қорытындысы бойынша І орын – Қаматаевтар әулиеті, ІІ орын – Мукановтар әулиеті,  ІІ орын – Исенғалиевтар әулиеті,  ІІІ орын – Саябековтер әулиеті,  ІІІ орын – Ақназаровтар әулиеті, ІІІ орын – Исенғалиевтар әулиеті.