"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстан!» қалалық өлкетану олимпиадасы бойынша АҚПАРАТ

Қалалық жас туристер стансасы 2019 жылдың  12 желтоқсан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай «Гүлдене бер, Қазақстан!» қалалық өлкетану  олимпиадасын өткізді.

Олимпиада оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, еліміздің тарихы мен мәдени ескерткіштерін құрмет тұту, Тәуелсіздігімізді бағалай білу, оқушылардың  туған өлкесі, тарихи мәдениеті және рухани мұрасы туралы жинақталған білімдерін  тереңдету мақсатында өткен болатын.

Олимпиада ереже бойынша 2 кезеңнен:

  1. «Өз өлкесінің тапқырлары» тест жұмысы;
  2. «Туған жерім - нұрлы елім» картамен жұмыс тұрды.

Бірінші кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар екінші кезеңге өтті.

Олимпиадаға жалпы білім беретін қала мектептерінен  және қосымша білім беру ұйымдарынан 52 оқушы  бақ сынасып, белсенділік танытты.

 «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», - демекші

I орынды -  Сабурова Гүлдәурен Қызылжар ОМ.

II орынды – Сугурова Саида Қызылжар ОМ, Тулегенов Болатбек № 47 ОМ, Абылайқызы Гүлсая № 35 ОМ, Уракбаева Жансая № 62 ОМ.

III орынды – Бердалиева Сымбат № 35, Алив Алишер № 39 ОМ, Шандоз Дильназ № 12 ОМ, Еримбетова Ансаған, Өмірбай Нұрғиса Қалалық жас туристер стансасы  иеленді.

Жеңімпаздар Қалалық білім бөлімінің I, II , III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олимпиадаға қатысушыларға Қалалық жас туристер стансасы атынан сертификаттар берілді.

Бүгінгі іс-шарада алда талай асулары бар жас өрендер білім, ғылым көгінде бірталай мағлұматтармен өз деңгейлерін толықтырып, жарқын көңіл-күймен тарасты.

Туған жерін, өлкесін сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.

 

 

 

Бөлім меңгерушісі:                                          Ж. Мамбетниязова

 

 

 

.