"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

ҚЖТС жас қосымша білім беру педагогтары арасында өтілген «Жас педагог - 2020» байқауының өтілуі бойынша

АҚПАРАТ

Өткізілген күні, орны: 21.01.2020 жыл, сағ.10.00, № 301 кабинет

Қатысушылар: ҚЖТС жас қосымша білім беру педагогтары

Мақсаты: Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.

Көрнекілігі: слайд, гүлдер, әр педагог көрме бұрышы.

Қалалық жас туристер стансасында 21 қаңтар күні «Жас педагог - 2020» байқауы өтті.

Байқау төмендегі кезеңдерден тұрды:

  1. «Педагог портфолиосы» байқауы
  2. «Менің педагогикалық ұстанымым» өзін-өзі таныстыру
  3. «Педагог зерттеуші» ғылыми бұрыш дайындау
  4. «Мен – экскурсоводпын!» байқауы
  5. Ситуациялық сұрақтарға жауап беру

Байқауға өз еркімен 5 жас қосымша білім беру педагогы қатысып, бақ сынасты. Байқау барысында қатысушы жас мамандар өздерінің шығармашыл, ой-өрісі кең, жаңашыл идеялы, жан-жақты, заманауи педагогқа сай ерекше тұлға екендіктерін көрсете білді. Байқау нәтижесі бойынша «Жаңашыл жас маман» номинациясын А.Қ. Даулеталина, «Шығармашыл жас маман» номинациясын Ш.С. Аймағанбетова иеленді.

I орынды А.Б. Мерекеева

II орынды Т.С. Нарымов

III орынды А.З. Умбетияр иеленді.

     «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу» дағдысы деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар өмір талабына сай. Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс- тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білуде аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі. Сондықтан мұғалім адал, ақкөңіл, мейірбан, ізденімпаз, шығармашыл, еңбекқор жан. Өйткені жаңа заман өзінің жаңа тұлғасын қалыптастырып, қоғамдық — әлеуметтік ортада өзін еркін ұстай алатын, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастырады – дей келе әр педагогымыз байқауда барынша өздерінің ерекшеліктерін көрсете білді.

Жеңімпаздар қалалық жас туристер стансасының мадақтамаларымен марапатталды.