"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қалалық жас туристер стансасы үйірме білім алушылары арасында өткізілген «Туған өлкем – алтын бесік!» ғылыми – тәжірибелік конференциясының өтуі бойынша

АҚПАРАТ

Қалалық жас туристер стансасында 28 қаңтар күні «Туған өлкем - алтын бесік!» атты үйірме білім алушыларының  арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты: Оқушыларды Қазақстандық патриоттыққа, Отанынына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, балалардың туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру,ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы ізденімпаздыққа баулу.

Конференцияға қатысушылар төмендегідей бағыттар бойынша ғылыми жұмыстарын ұсынды:

  1. «Тарих және өлкетану»
    2. «Мәдениет, туризм, спорт және денсаулық»
    3. «География, экономика, және экология»

Конференцияға қатысушы білім алушылар ғылыми жобаларын қорғау барысында туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.   

Конференция қорытындысы бойынша

I орынды - «Жас геолог» үйірмесінің білім алушысы Аманқоссын Азамат, II орынды – «Жас эколог турист» үйірмесінің білім алушысы Базарбаева Айым және «Қолөнер және туризм» үйірмесінің  білім алушылары Қайратқызы Арайжан мен Қайратұлы Бекжан, III орынды – «Виртуалды экскурсия» үйірмесінің білім алушылары Смадиярова Акниет және «Жас экскурсовод» үйірмесінің білім алушысы Амантаева Аружан  иеленді. Белсене қатысқан үшін марапатталғандар – «Әдеби өлкетану» үйірме білім алушысы - Ерген Азамат, «Турист өлкетанушы» үйірме білім алушысы – Ерзақ Нұрталап.

Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды және қалалық «Менің кіші Отаным» атты зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба конкурсына жолдама алды.

Конференцияға ҚЖТС-тың барлық үйірме білім алушылары белсене  араласа,  атсалыса  қатысты.

 

Ақпаратты  жазған: ҚЖТС  әдіскері  Утарбаева А.Б.