"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Жылды жақсылықтан бастайық!

Қалалық жас туристер стансасы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына мүше болып, «Қазақстандық ЮНЕСКО клубының мүшесі» мәртебесіне ие болды.

Бұл клубтың негізгі бағыттарына мәдени іс-шараларды өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени мұраны қорғау, дәстүрлі өнерді сақтау және тағы басқа республикалық деңгейдегі мәдени-көпшілік  іс-шараларды ұйымдастыру жатады. Осы тұрғыда қалалық жас туристер стансасы жоспарға сәйкес  қалалық, облыстық деңгейде туристік-өлкетану бағытында іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы жоспарына сәйкес «Жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында және 2020-жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Осы тұрғыда  еріктілер жылына үлес қосу мақсатында Қалалық жас туристер стансасының педагогтары    «Ескерткіштерді қорғау - елдігіміздің белгісі» айдарымен  іс-шара өткізді.  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Кутуев Рауф Ибрагимовичтің рельефі бейнеленген ескерткіш – обелискке және Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, кешегі қан майданда Отан қорғап, замандастарымен қатар қазақтың жауынгерлік рухын көтерген, сол ерлікті қарынды қолайының күшімен ақ қағазға айғақтаған, әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов пен 95 жас мерейтой иесі Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткіші жанында  жиын өткізілді. Шара барысында қатысушылар Р.Кутуев ескерткішінің жанында үнсіздік жариялап, ерлігі туралы еске алып, Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаев  туралы өлең шумақтарынан жыр шашып, тағзым етті. Ескерткіштер жанында  жұртшылықтан белгілі қайраткерлерді білетіндігі туралы  сауалнама алынып, болашақта оларды танып-біліп, құрметтеу мақсатында қала тұрғындарына  брошюралар таратылды.  Сонымен қатар педагогтар мен үйірме оқушылары ескерткіштер  айналасын  қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Жас туристер стансасының экскурсовод мамандары өскелең ұрпақты   патриоттық тәрбиеге баулу барысында ескерткіштердің тарихы туралы мағлұмат беріп, құнды тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауға шақырды.

  

Қалалық жас туристер

стансасының директоры                        Бекбергенова Алёна  Исламқызы

 

.