"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Спорттық-туристік бағытындағы «Туризм фестивалі - 2020» апталығының ақпараты

03.02.20 - 08.02.20 күндері аралығында Қалалық жас туристер стансасы спорттық-туристік бағытында «Туризм фестивалі - 2020» апталығын өткізді.

 

Іс – шаралар:

 

«Үйірмешілер арасындағы шаңғы техникасынан практикалық жұмыстар». Мақсаты: шаңғы техникасының негізін үйрету. Шаңғы тебу барысында үйірмешілер шаңғыда тұру, түсу және көтерілу әдістерін үйренді. Атаулы іс – шараға 40 оқушы қатысты.

 

«ҚЖТС қосымша білім беру педагогтарымен «Ақ қырау» шаңғы жорығы». Мақсаты: педагогтардың шеберлігін шыңдап, «Қазақстан саяхатшысы» төсбелгісін алу. «Қалалық жас туристер стансасы – Сазды ауылы - Қалалық жас туристер стансасы» бағыты бойынша, жалпы ұзақтығы 8 шақырымды құрайтын арақашақтықты жүріп өтті. Жорыққа 5 педагог қатысты.

 

«Қ. Жұбанов атындағы университет студенттерімен практикалық жұмыстар». Мақсаты: студенттерге туризм негізін үйрету. Жұмыс барысында студенттер: түйін байлау, шатыр құру, зеңбіл байлау тақырыптары бойынша ақпарат алды. Барлық қатысушылар саны 25 студент.

 

«Ақшақар көңілді сөресі». Мақсаты: оқушыларды таза ауада сергіту.

 

Сөре барысында доппен секіру, қапшықпен секіру, секіртпемен секіру және кім жылдам? ойыны ойнатылды. Қатысушылар саны 15-ті  құрады.

 

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету, құтқару жолдары» тақырыбында теориялық, практикалық жұмыстар. Мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттермен таныстыру. Өрт кезінде, су тасқыны кезінде, адам өміріне қауіп төнген жағдайда жасалатын әрекеттер. 20 оқушы қатысты.

 

«Өрт кезіндегі қауіпсіздіктер» теориялық, практикалық жұмыстар. Мақсаты: өрт кезіндегі алғашқы әрекеттерді үйрету. Түтіннен қорғану, күйіктің алдын алу, күйік кезіндегі көмек, байланыс ережелері тақырыптары бойынша жұмыс жасалды.

 

«Туризм нашақорлыққа қарсы» жаппай жүгіру марафоны. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Алғашқы президент саябағындағы марафон. Қатысушылар саны 30 адам.

 

Барлық іс – шаралар саны 7. Жалпы қамтылған адам саны 155.

 

 

Педагог ұйымдастырушы                      Нурмаганбет Нуржан Жалгасбайулы