"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Туристік-өлкетану қызметі - білім мен тәрбиенің басты құралы» атты  облыстық тәжірибелік семинарының ақпараты

 

2020 жылдың 18 ақпан күні Қалалық жас туристер стансасы және  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы «Туристік-өлкетану қызметі - білім мен тәрбиенің басты құралы» атты  облыстық тәжірибелік семинар өткізді.   

 

Мақсаты: туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру, педагогтердің белсенді  өзара қатынасын  білім процесіндегі оқушылардың зерттеу қызметіне  және оны практика жұмысына енгізуді ұйымдастыру, мектептердегі музей жұмысын жандандыру.

 

Облыстық семинарға қала және аудан мектептерінен 50 педагог қатысты.  

 

Семинардың теориялық бөлімінде «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Әлиятанушы Ғ.Е. Байдербес, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ тарих және дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Қ.Абенов, Балалар туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың ұлы Қ.Т.Жездібаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі М.Т.Буханова  дәріс оқыды. Практикалық бөлімінде Қалалық жас туристер стансасының әдіскерлері шебер кластар өткізіп, Облыстық тарихи-өлкетану музейіне  экскурсия жүргізілді. Семинар  барысында қатысушыларға туристік-өлкетану жұмыстарының маңыздылығы және өлкетану бағытындағы жұмыстарды арттыру талқыланып, жұмыс түрлері көрсетілді

 

Барлық қатысушыларға Қалалық жас туристер стансасы және  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы атынан сертификаттар  табысталды. 

 

Семинарға қатысушылар өлкетану бағытында көптеген мағлұматтар алып, өзара тәжірибе алмасты.  

 

 

Қалалық жас туристер стансасының

бөлім меңгерушісі                                                                  Мамбетниязова Ж.