"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

2020  жылдың  24.02-29.02 аралығында Қалалық жас туристер стансасында өлкетану бағытында «Туған өлкемнің сырлы тарихы» атты апталықтың өтуі  бойынша АҚПАРАТ

ҚЖТС білім алушыларының туған жер, туған өлке туралы білімдерін  кеңейту, өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыруды ұғындыру, туған өлкенің тарихи құндылығын түсіндіру , өлкеге, Отанға  деген патриоттық  сезімге тәрбиелеу мақсатында 24 ақпан күні «Туған өлкемнің сырлы тарихы» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Білім алушыларға апталық жоспары таныстырылды. Ашылу салтанатына қатысқан білім алушылар өлкемізден шыққан ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән-күйлерін тарту етті. Әрі қарай «Туған өлкеге саяхат» танымдық ойынымен жалғасты. Қатысқан бала саны: 26 білім алушы

 

Апталықтың екінші 25 ақпан күні ҚББП арасында  «Үздік экскурсовод – 2020» байқауы өтті. Жас педагогтар экскурсия жүргізудің жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрену бағытында тәжірибе алмасты. Байқау нәтижесі бойынша А.Мерекеева, Ш.Аймағанбетова белсеніп қатысқаны үшін мадақтамамен, А.Дайлеталина - 3 орын, Ә.Үмбетияр - 2 орын, Ж.Бақытжанова - 1 орынға ие болды.

 

26 ақпан күні апталық аясында биылғы жылы А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай Құнанбаев – өшпес тұлға» тақырыбында әдеби кеш өтті. Балалар ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілу мақсатында Абай туралы видеоролик тамашалады, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. Кеш қонағы «Тарихи мәдени мұраны  зерттеу, қалпына келтіру, қорғау орталығының инспекторы Қайдаров Алмат Узатович А.Құнанбаев туралы тың мағлұматты бере білді. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Қатысқан бала саны: 23 білім алушы

 

27 ақпан күні үйірме білім алушыларының арасында «Туған жер-тұнған шежіре» өлкетану кеші өтті. Кеш қонақтары Әлия музейінің  бас қор сақтаушысы А.А. Туралиева  және Н.Байғанин ат.облыстық кітапхананың  төменгі сынып оқушыларына  қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р.У.Мәндібаева балаларға өлкеміздің батырлары, ақын-жазушылары, белгілі тұлғалары жайында біраз сыр шертті.Қатысқан бала саны: 21 білім алушы

 

Апталық барысында 28 ақпан күні «Туған өлке» бағдарламасы аясында  Әбілхайыр хан даңғылы мен Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы ескерткіштерге саяхат жүргізілді. Мақсаты: Өлкеміздің белгілі тұлғаларын мәңгі есте сақтап, құрметтеуіміз қажеттілігін бойларына сіңірту болатын.

 

Қатысқан бала саны: 33 білім алушы

 

Апталығымыздың жабылу салтанаты «Туған жерім – тұғырым» тақырыбында 29 ақпан күні өткен болатын. Апталық аясында көптеген іс-шаралар өте тұра және де осы апталық барысында  балалар туған өлкеміз жайында кең көлемде  мәліметтерді жинақтап, білімдерін толықтыра білді. Өлкетану бағытындағы  апталықтың өтуіне ат салысып, белсене қатысқан білім алушылар МАДАҚТАМАЛАРМЕН марапатталды.Қатысқан бала саны: 24 білім алушы

 

Ақпаратты  жазған:                ҚЖТС әдіскері А. Ибраева