"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер күніне орай өткен «Ескерткіш – ел тарихы» қалалық сырттай байқауы бойынша АҚПАРАТ

 

Ескерткішке тағзым

Тарихта болған белгілер,

Елімдегі ескерткіштер.

Әр адамның ерлігі,

Әр адамның өнері,

Елі үшін жасалған еңбегі

Жылыменен өрелі.

Ұрпағым білсін деп

Тарихтан қалған белгіні

Өнерлі қол еңбекпен

Жасалған бұл ескерткіш.

 

Калалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер күніне орай «Ескерткіш – ел тарихы»  қалалық сырттай байқауы өткізілді.

 

Байқаудың мақсаты: өз өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру, туған жерінің тарихын, мәдениетін танып білуге, белгілі қайраткерлерін құрметтеп, ізденуге баулу.

 

Байқауға аудан мектептерінен, қаланың жалпы білім беретін орта мектептерінен және қосымша білім беру мекемелерінен 32 оқушы белсенділік таныта қатысты.

 

Байқау 2 номинация бойынша өтті:

  1. «Туған өлке- тұнған тарих»
  2. «Туған өлке – ескерткіш келбетімен».

Қатысушылар Ақтөбе өңірінде де бірнеше ескерткіштер мен тарихи орындар бар екендігін, ескерткіштің маңызы сол, олардан өскелең  ұрпақ  өздерінің терең тағылым алатынын тілге тиек етті. Ескерткіштер қашанда ұлттық тари­хымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады деп толғана айта,ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді құрметтейміз деп тебіренді.

 

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі Дипломдармен, ал белсене қатысушылар Мадақтамалармен марапатталды.

 

Қорытынды:  Ескерткіштер – ел тарихы! Тарихи – мәдени ескерткіштер – ұлтымыздың байлығы, Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра екенін естен шығармауымыз қажет! Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал.


Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ.

 

 

Ақпаратты  жазған:    ҚЖТС әдіскері  А.С.Ибраева