"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

1 маусым -  Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз!» атты іс-шара бойынша АҚПАРАТ

«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» атты балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру концепциясын жүзеге асыру барысында Қалалық жас туристер стансасының үйірме білім алушыларына 2020 жылдың 1 маусым күні, Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз!» атты іс-шарасы өткізілді.

 

Іс-шара білім алушылардың «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін  бекіту, білім алушылардың  белсенділіктерін арттыру, балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу, қызығушылықтарын ояту мақсатында жүргізілді.

 

Іс-шараға «Әдеби өлкетану», «Жас экскурсовод», «Қолөнер және туризм», «Географ-өлкетанушы», «Өлкетану географиясы», «Виртуалды экскурсия» үйірмелерінен 35 білім алушы қатысты.

 

Жалпы іс-шара бойынша балғын балалар үлкен әсер алды. Білім алушылар халықаралық балаларды қорғау күнінің шығу тарихымен танысып, білімдерін кеңейтті және ән, би тамашалады. Балалар мерекелік іс-шараны керемет өткізді.

 

 

 

 

Қалалық жас туристер стансасының

педагог ұйымдастырушысы :               Мұсағалиева Перизат  Жеткергенқызы

 

 

.