"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Спорттық туризм техникасы бойынша жарысының ақпараты

Қалалық жас туристер стансасы №1 ОМ аумағында спорттық туризм бағытында, үйірмешілер арасында іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Шараның мақсаты: оқушылардың белсенділіктерін арттыру, ұжымдық істе шеберлік пен бірлікке дағдыландыру, оқушылардың бос уақыттарын ұтымды пайдалану.

Жарыс барысында оқушылар спорт-туристік жол кедергілерінен өтті. Жарыста оқушылар командаларға бөлініп, 4 кезеңнен тұратын жол кедергілерінен өтті, олар: «Леерка», «Буреллом», «Маятник», «Траверс» кезеңдері. Жарыс жол кедергілері түрінде ұйымдастырылып, өте қызықты, әрі тартымды өтті.

«БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАМЫЗ!» спорттық туризм техникасы бойынша жарысқа 30-ға жуық бала қатысып, сынға түсті. Жарысқа №47 ОМ, №38 ОМ, №1 ОМ, № 60 ЖББОМ, оқушылары қатысты.

Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер стансасының мақтау қағаздарымен марапаттады.

І орын – «Азимут» командасы, № 1 ОМ.

ІІ орын – «Авангард» командасы, № 60 ЖББОМ.

ІІІ орын – «Динамит» командасы, № 38 ОМ.

 

Педагог ұйымдастырушы                          Н. Нурмаганбет