"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Құстар – табиғаттың көркі» атты қалалық онлайн байқауы

Қалалық жас туристер стансасында азаматтарды экологиялық бағытта  тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген «Құстар – табиғаттың көркі» атты қалалық онлайн байқауының ақпараты

 

2020 жылы 10 тамыз күні қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен азаматтарды экологиялық бағытта  тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Құстар – табиғаттың көркі» атты қалалық онлайн байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі  мақсаты - балалардың ойлау қабілетін дамыту арқылы құстардың ұясын құрастыра білуге үйрету, көркемдік шығармашылығын және эстетикалық талғамын қалыптастыру болып табылады. Онлайн байқауға қала және ауданның 15 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, 6 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінен 44 жұмыс қабылданды.

Онлайн байқаудың талаптары бойынша әр түрлі материалдардан жасалған құстарға арналған астаулар және ұялардың фотосуреттері JPEG форматында электронды жұмыстары түрінде қабылданды. Жалпы байқауға жас жеткіншіктермен  бірқатар әкелері қатысты. Олар құстарға қамқор болу мақсатында ең бірінші ұя жасау ерекшеліктерімен танысып, өз қолдарымен ұя жасап, байқауға үлкен қызығушылық пен белсенділік танытты.

Онлайн байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

 

І орын

Батырбек. А. №50 «Алтын бесік» б/б

Зайтов. Ж. №50 «Алтын бесік» б/б

Клещева. А.№15 «Жидек» МДҰ

Әлім. Қ. №71 ЖББОМ

Рахимжан. А. В.И. Пацаев атындағы ОМ

 

ІІ орын

Лисогор. А. №15 «Жидек» МДҰ

Ковалева. Н. №15 «Жидек» МДҰ

Еркін. А. №35 «Балбұлақ» МДҰ

Русланкызы. И. №33 «Нурсат» б/б

Аманжол. М. №39 «Достық» МДҰ

 

ІІІ орын

Сейтбекова. Ж. №15 «Жидек» МДҰ

Гадыльшин. Р. №15 «Жидек» МДҰ

Калиева. М. №15 «Жидек» МДҰ

Маратова. З. №35 «Балбұлақ» МДҰ

Таңбаева. А. №35 «Балбұлақ» МДҰ

Бермұхамбетов. М. «Kinder joi» МДҰ

Дүйсенбай. Ә. «Kinder joi» МДҰ

Онлайн байқау жеңімпаздары Қалалық жас туристер стансасының атынан дипломдар және мадақтамалармен марапатталды.

(Жұмыс нәтижесі стансамыздың turizm_aktobe  инстаграмм парақшасына жарияланды).