"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Бақытты отбасы

Қалалық жас туристер стансасында отбасы күніне орай білім алушылары арасында өткізілген «Бақытты отбасы» фотосурет байқауының ақпараты

         Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелікті нығайтуға, құндылықтарын насихаттауға арналады.

2020 жылы 14 қыркүйек күні қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен үйірме білім алушылары арасында отбасы күніне орай «Бақытты отбасы» фотосурет байқауы өткізілді.

         Байқаудың мақсаты – отбасындағы ынтымақ, бірлік, татулық, сыйластықты дамыту. Сонымен қатар бақытты отбасы бейнесін фотосурет арқылы көрсете білу болып табылады.

Байқауға қойылатын  талаптар:

  • Жұмыстардың өзектілігі;
  • Мазмұны мен мәнінің ашылуы;
  • Сурет сапасы;
  • Суреттің тақырыпқа сай болуы;

 «Бақытты отбасы» бейнесіндегі фотосуреттер электронды түрде JPEG форматында қабылданды. Байқауға барлығы 14 білім алушы қатысқан болатын.

         Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты болады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын

Пірімов Санжар

Ерзақ Нұрталап

Қонақбаева Ақнұр

ІІ орын

Абдығаниева Жұлдызай

Қоныспай Айгерім

Арғын Алина

Сағынжан Аружан

Амандықова Көркем

ІІІ орын

Тәнибергенқызы Арайлым

Азижан Бауыржан

Дүйсенбай Жансерік

Жанахметова Жанар

Сайлауова Инабат

Елтаева Нұржаусын

         Байқау жеңімпаздары Қалалық жас туристер стансасының атынан мадақтамаларымен  марапатталды.

(Жұмыс нәтижесі стансамыздың @turizm_aktobe инстаграм парақшасында жарияланды).