"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«MEN QALDYRǴAN ECO-IZ» экологиялық марафоны

 

«MEN QALDYRǴAN ECO-IZ» экологиялық марафонының аясында ұйымдастырылған

Республикалық көркем суреттер мен сандық суреттер байқауының

            ПРЕСС-РЕЛИЗІ

 

  Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалардың қауымдастығы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы «Men qaldyrǵan eco-iz» республикалық эко-марафонының аясында көркем суреттер мен сандық суреттер байқауының басталғанын хабарлайды.

Егер сен қоршаған ортаны қорғау тақырыбына бей-жай қарамасаң, сен қалдықтарды сұрыптау бастамасын белсенді қолдасаң, суретке түсіруді және сурет салуды ұнатсаң және ең бастысы, егер экологиялық мәселелерді шешуге өз үлесіңді қосқың келсе - суреттер мен фотосуреттердің ең резонанстық республикалық экологиялық байқауына қатыс!

Байқау үш номинация бойынша өтеді.

«Аяласаң,табиғатты аяла» көркем сурет номинацисында табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы, экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі және жауапты тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған суреттер қабылданады.

«Бізді қоршаған әлем» номинациясында бірегей және ерекше табиғи құбылыстардың, Қазақстандағы таңғажайып жерлердің мобильді фотосуреттері, сондай-ақ, биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығы және табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсететін фотосуреттер қабылданады.

«Сұрыптау - жаңа өмір стилі» - концептуалды фотосурет номинациясында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қажеттілігі туралы үндеулер кәсіби суреттерде сән әлемінің элементтері мен түс түрлерін пайдалану арқылы көрініс табуы қажет. Фотосуреттерді әр түрлі объектілерді қолданып тақырыптық сюжетке біріктіруге болады.

Үздік көркем суреттер мен фотосуреттер Алматыдағы билбордтар мен аялдамаларға ілінетін болады.  Арнайы тақырыптық электронды альбом шығарылады. Барлық қатысушылар сертфикатпен, ал жеңімпаздар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.

Байқауға 12-ден - 35 жас аралығындағын  БАРЛЫҚ үміткерлер қатыса алады (жас санаттары: 12-16 жас, 17-25 жас, 26-35 жас). Байқауға қатысу тегін. Жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 16 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында жүреді.

«Қатысқың келе ме? Олай болса, ұнаған номинацияны таңда да, өз жұмысыңды жібер!

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdvhIC2LNBKl58FIyfb4pQ2ygKNfcCmRm03no0WAoi50FG9YQ/viewform

Тамаша Алматының көшелерін дәл сенің суретін көркейте түсуі мүмкін!

Байқау географиясы: Қазақстан Республикасы

Ұйымдастыру комитеті: тел: +7 (727) 394 32 32, +7 700 394 32 https://www.instagram.com/eco_marathon_kz?/

Ред.ескерткіші*: бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие және қатысушылардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған

Ред.ескерткіші*: осы байқауға жіберілген жұмыстар басқа байқауларға қатыспаған болуы керек, интернет аумағында да кездеспеуі керек.