"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Менің Отаным - Қазақстан»

Балалар мен жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың 85 жылдығына және Халықаралық туризм күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» туристік – өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық слет кезеңінің  қашықтан өткізілген байқауының

Ақпараты

 

2020 жылдың қыркүйек айының 14-18 күндері аралығында «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және  Қалалық жас туристер стансасы қашықтан «Менің Отаным - Қазақстан» туристік - экспедициялық жасақтарының облыстық слётін ұйымдастырып өткізді.

Слёттің негізгі мақсат – міндеттері: Ақтөбе облысының балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту,   туристік - өлкетану қызметін жүзеге асыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, кіші Отанын зерттеуге тарту, білім алушылардың іздеу - зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру, практикалық қызметке қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау,   ең үздік туристік - өлкетану командаларын  анықтау.

Облыстық слётке Мәртөк, Алға, Қобда Темір аудандары және қаланың №46 ОМ, №65 ЖББОМ, Сымбат мектебінен оқушылар қатысып, адам саны 60-қа жуық болды.

 

Жарыстың бағдарламасы

Жұмыстың тапсыру және орындау күні

Бағыт

1

14.09.2020

«Бард әндері» байқауы

2

15.09.2020

«Туристік соқпақ»

3

16.09.2020

«Экологиялық есеп»

«Ең үздік туристік ас»

4

17.09.2020

«Туристік түйіндер»

5

18.09.2020

«Туған өлке соқпақтары»

 

                 Қатысушылар орындалған жұмыстарын «ZOOM» платформасында, «Telegram» желісінде, «Электронды почта» арқылы тапсырып орындады.

  1. «Бард әндері» байқауында әр топтан бір бардтық ән орындалып «Telegram» желісіне жіберілді.
  2. «Туристік соқпақ» байқауының қатысушылары төрешілер ұсынған маршрутты А4 форматтағы қағазға сызып, топографиялық белгілермен рәсімдеп «Электронды почта» арқылы тапсырды.
  3. «Экологиялық есеп» байқауындағы қатысушылар өз өлкесінде өткізілген экспедицияның презентациясын жасап «Telegram» желісіне жіберді.
  4. «Ең үздік туристік ас» байқауында, туристер дала және үй жағдайында туристік ас әзірлеп «Telegram» желісіне жіберді.
  5. «Туристік түйіндер» байқауында қатысушылар «ZOOM» платформасында туристік байлауларды байлап көрсетті.
  6. «Туған өлке соқпақтары» байқауында қатысушылар «ZOOM» платформасында қатысушылар өз өлкесінде өткізілген экспедицияның презентациясын жасап демонстрациялап қорғады.

             Нәтижесінде топтық есепте І орынды Ақтөбе қаласы Сымбат жеке мектебі «Гео-Сымбат» командасы, ІІ орынды Қобда ауданы Жарсай орта мектебі «Атланты» командасы, ІІІ орынды Ақтөбе қаласы №46 орта мектебінің  командасы иеленді. Слёттің жеңімпаздары Ақтөбе облыстық білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының мадақтамаларымен, дипломдарымен және кубоктарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.