"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Табиғат – тіршіліктің тірегі»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат – тіршіліктің тірегі» республикалық видеороликтер онлайн байқауының ақпараты 2020 жылдың 20 қазан күні қалалық жас туристер стансасы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясымен бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат – тіршіліктің тірегі» республикалық видеороликтер онлайн байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Атаулы іс – шара өскелең ұрпақты қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуді үйрету, табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, жан– жақты дүниетанымын дамыту және экологиялық, эстетикалық тәрбие беру мақсатында өткізілді.
Бұл байқауға республикадан 1-11 класс оқушыларынан - 64 жұмыс қабылданды. Жалпы байқауға Семей, Алматы, Орал, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Сәтпаев және Ақтөбе қалаларының оқушылары үлкен белсенділікпен қатысты.
Онлайн байқаудың талаптары бойынша жас жеткіншектердің қоршаған ортаны жақсарту мақсатында әртүрлі жұмыстар жүргізеді. Атап айтатын болсақ құстардың үйшіктерін, азық салатын орындарын жасау, ілу, өсімдіктерді, ағаштарды отырғызу, суару және т.б. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жоба барысында жеке және отбасымен орындау кезінде түсірілген бейнероликтер қабылданды.
Онлайн байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне қарай жеңімпаздар анықталды:
7 – 10 жас
І орын Ақтөбе қаласы, № 4 ОМ. Лысенко Евангалиевна
ІІ орын Ақтөбе қаласы, Ақтөбе ОМ. Ақылбек Ұлдана
Астана қаласы, Спиваков Даниэль
ІІІ орын Ақтөбе қаласы, қалалық жас туристер стансасы.
Бақытжанова Каусар
Ақтөбе қаласы, Сымбат жеке мектебі. Ілиясова Амина


11 – 14 жас
І орын Семей қаласы, Жанатбекқызы Н. Байсапина Қ.
ІІ орын Орал қаласы, Камангалиев Даниэль.
Ақтөбе қаласы, № 36 ОМ. Амангелді Н. Хансұлтан К.
ІІІ орын Шымкент қаласы, Пердехан Али.
Семей қаласы, Ұлттық қолөнер шебері үйірмесі

15 – 17 жас
І орын Ақтөбе қаласы, қалалық жас туристер стансасы. Суюндикова Наргиза
ІІ орын Ақтөбе қаласы, № 25 ОМ. 9 Б кл.
ІІІ орын Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп. Утаргалиева Нурай.
Онлайн байқау жеңімпаздарды Қазақстандық Ұлттық Юнеско Клубтары Федерациясының және Қалалық жас туристер стансасының атынан дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.