"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қалалық жас туристер стансасының үйірме білім алушылар арасында қысқы каникулды ұйымдастыруы бойынша ақпараты

Қалалық жас туристер стансасының үйірме білім алушылар арасында қысқы каникулды ұйымдастыруы бойынша ақпараты

Үйірме  білім алушылар арасында қысқы демалыс кезін ұйымдастыруы бойынша жоспар құрылды. Мақсаты: білім алушылардың демалыс уақытын дұрыс пайдалануды бағыттауға үйрету, дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қатынасты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсау, спорттық-туристік ойындар барысында балалардың шынығу-шындалу, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту, ұжымдық қарым-қатынасқа, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.

        Жоспарға сәйкес қосымша білім беру педагогтары үйірме білім алушыларымен қаламыздағы мәдени және ойын орталықтарына саяхат жасады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағына  «Қыс қызығы тамаша» сырғанақ тебу алаңына,  Локомотив кинотеатрына «Кино әлеміне саяхат» ұйымдастырылды. Саяхат барысында балалар өте көтеріңкі көңіл-күй және жағымды әсер алды.

       «Спорттық бағдарлау» үйірме білім алушылар арасында қысқы каникул кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Лабиринт» қашықтығы  жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың жалпы ережесінде қатысушылар берілген бағыт бойынша карта арқылы 15 бақылау нүктелерін жылдамдыққа табуы тиіс. Ал «Спорттық туризм» білім алушылары арасында «Жас қыран» спорттық-туристік жарысы өткізілді.

          Ұйымдастырылған іс-шаралар сәтті аяқталып, қатысушылар шеберлік деңгейін айқын көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.