"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Төкеш Қабалұлы Жездібаев – спорт және туризм ардагері

Балалар және жасөспірімдер  туризмінің дамуына үлкен үлес қосқан қайраткерді өскелең ұрпаққа үлгі тұту мақсатында ұлықтау біздің басты парызымыз. 2020 жылы Спорт және туризм ардагері Төкеш Қабалұлы Жездібаевтың туғанына -85 жыл толды.

Қалалық жас туристер стансасы жылма –жыл спорттық-туристік бағытта балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту, Т.Жездібаевты  еске  алу мақсатында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді:  «Төкеш Қабалұлы – спорт және туризм ардагері» туристік тарихи кеші, «Менің Отаным -Қазақстан!» республикалық туристік-өлкетану слетінің облыстық кезеңі. Танымдық өлкетану бағытында Т.Жездібаевтың өмірбаяны және туризм саласындағы еңбек жолдары туралы сырттай тақырыптық  виртуалды экскурсиялар, жорықтар және экспедициялар, Білім саласы қызметкерлеріне және мектеп оқушыларына арналған «Sayakһat-2020» облыстық туристік-өлкетану жарысы. Сонымен қатар жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтары үнемі өз жұмыстарында Т.Жездібаевтың еңбектерін қолданады. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында  Т.Жездібаевтың атында  көше бар.      

Қалалық жас туристер стансасы  атынан балалар және жасөспірімдер туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейінде бұрыш ашуды ұсындық. Төкеш Жездібаевтың баласы Қайрат Жездібаев Алматыдан арнайы әкесінің қолданған заттарын стансамызға әкеліп берді. Т.Жездібаевтың заттарын стансамыздың директоры Алёна Бекбергенова Ақтөбе облыстық тарихи –өлкетану музейі қазіргі заман тарихы ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлеріне  туристер стансасының ұжымы, Т.Жездібаевтың отбасы атынан табыстады. Болашақта туризм саласына зор үлес қосып, өз ізін қалдырған Төкеш Қабалұлы  Жездібаевқа арналған бұрыш облыстық тарихи-өлкетану музейінен ашылып, көпшілік назарына ұсынылатынына сенім білдіреміз.