"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

 «Жас педагог - 2021» байқауының өткізілуі бойынша ақпарат

2021 жылдың 26 қаңтар күні Қалалық жас туристер стансасының жас қосымша білім беру педагогтары арасында  «Жас педагог - 2021» байқауы ұйыьдастырылды.

 

Байқаудың мақсаты: Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.

 

Байқау төмендегі кезеңдерден тұрды:

  1. «Менің педагогикалық ұстанымым» өзін-өзі таныстыру.
  2. «Менің педагогикалық шеберлігім» кезеңі.
  3. «Үздік туристік-өлкетану бұрышы» кезеңі.

Байқауға өз еркімен стансамыздың алты жас қосымша білім беру педагогы қатысып, бақ сынасты. Байқау барысында қатысушы жас мамандар өздерінің шығармашыл, ой-өрісі кең, жаңашыл идеялы, жан-жақты, заманауи педагогқа сай ерекше тұлға екендіктерін көрсете білді.

 

Байқау нәтижесі бойынша «Жаңашыл жас маман» номинациясын Мерекеева Айжан, «Шығармашыл жас маман» номинациясын Аймағанбетова Шолпан иеленді, I орынға Мұсағалиева Перизат, II орынға Үмбетияр Әлиянұр, III орынға Даулеталина Айкерім және Жумагазина Айгерім ие болды.

 

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу» дағдысы деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар өмір талабына сай. Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс- тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білуде аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі. Сондықтан мұғалім адал, ақкөңіл, мейірбан, ізденімпаз, шығармашыл, еңбекқор жан. Өйткені жаңа заман өзінің жаңа тұлғасын қалыптастырып, қоғамдық-әлеуметтік ортада өзін еркін ұстай алатын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастырады – дей келе, әр педагогымыз байқауда барынша өздерінің ерекшеліктерін көрсете білді.

 

Жеңімпаздар қалалық жас туристер стансасының мадақтамаларымен марапатталды.

 

Бөлім меңгерушісі                     Ж. Мамбетниязова