"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Жылды жақсылықпен бастайық!» қайырымдылық акциясының барысында Қалалық жас туристер стансасы ЮНЕСКО клубының өткізген іс-шара

«Жылды жақсылықпен бастайық!» қайырымдылық акциясының барысында Қалалық жас туристер стансасы ЮНЕСКО клубының өткізген іс-шара

 АҚПАРАТЫ

Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының ұйымдастыруымен дәстүрлі өткізілетін «Жылды жақсылықпен бастайық!» қайырымдылық акциясының барысында 2021 жылы 29 қаңтар күні  «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК ұжымы «Ескерткіштерді қорғау – елдігіміздің белгісі» атты іс-шара ұйымдастырып өткізді.

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ақтөбе қаласы ескерткіштерге толы өлке. Атаулы шарада былтырғы оқу жылында қосымша білім беру педагогтары мен білім алушылары өлкемізден шыққан белгілі тұлғалар Т.Ахтанов және Қ.Шаңғытбаевтың ескерткіштеріне және Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Р.И.Кутуев ескерткіш – белгісіне барған еді. Игі істің бастамасын биылғы оқу жылында да дәстүрлі түрде жалғастыру жоспарға алынған болатын.    

Қайырымдылық акциясына кең пейілділік танытып, бірауыздан Қалалық жас туристер стансасының ұжымы белсенді атсалысты.

Акцияның басты мақсаты: адамзатты жалпы қоғамға пайдалы істерге баулу, өлкеміздегі ескерткіштерді құрметтеу және өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Шара барысында қосымша білім беру педагогтары әйгілі тарихи тұлға, күллі түркі әлемі ардақ тұтқан  Ер Едіге батырдың ескерткішіне барып жан – жағын тазалау жұмыстарын жүргізіп, қала тұрғындарымен сауалнама жүргізілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына Ер Едіге батыр туралы ақпарат жазылған брошюралар таратылды. Сонымен қатар 2020 жылы 160 жылдық мерейтойы атап өтілген елімізге белгілі халық ақыны Нұрпейіс Байғанин ескерткішіне барып қала тұрғындарынан сұқбат алынды. Сұқбат барысында Н.Байғаниннің ұлы Момынның жұбайымен кезінде бірге оқыған әжемізбен жүздескен едік. Қалалық жас туристер стансасының экскурсоводтары қосымша білім беру педагогтарына, қала тұрғындарына  ескерткіштердің тарихын, орнатылуы бойынша ақпараттар беріп, таныстырып өтті.

Сонымен бірге ескерткіштердің жан – жағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Адамдар қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Әрине, осындай жасалған жақсылық пен мейірімділікті бойына сіңірген жас ұрпақтарымыздың болашағы зор болады деген ниеттеміз және қамқоршылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясына айтар алғысымыз шексіз. Осындай жақсылықтарға толы игі істер, жақсы бастамалар жалғасын таба берсін!

 

Ақпарат жазған: Қалалық жас туристер стансасы

Юнеско Клубының хатшысы А.Кубашева