"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Алтын жумар - 2021»

Үйірмешілер арасында тау туризмін жетілдіру барысында өткен «Алтын жумар - 2021» жарысының ақпараты

2021 жылдың 02 ақпан күні Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінде Қалалық жас туристер стансасының үйірмешілері арасында тау туризмі техникасын жетілдіру барысында «Алтын жумар - 2021» жарысын өткізді.

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың спорттық туризмге деген қызығушылықтарын арттыру, тау туризмі элементтерін арттыру, қатысушылар арасында ең мықтыны анықтау болып табылады.

Жарысқа «Жаяу туризм», «Спорттық туризм», «Шыңға өрмелеу» үйірмелерінің оқушылары қатысты. Барлығы 40 қа жуық оқушы болды.

Бұл жарыс жеке есеп бойынша өткізілді. Қатысушылар жыл категориясына және ұлдар мен қыздар арасында бөлініп жарысты.

Қатысушылардың басты мақсаты, жылдамдыққа жұмармен жіп арқылы биіктікке тез арада шығу болды. Жарыс қызықты әрі тартысты болды, қатысушылар өздерінің дайындығы мен спорттық туризмге деген құштарлықтарын жоғары дәрежеде көрсетті.

Жарыс аяқталған соң төрешілер жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер стансасының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Орын алған оқушылар тізімі:

(11-12 жас) ұлдар арасында                         (11-12 жас) қыздар арасында         

І орын –Нурлан Арнат, №1 ОМ                     ІІІ орын – Кокина Айнура, №1 ОМ

ІІ орын – Копылов Роман, №3 ОМ

(13-14 жас) ұлдар арасында                        (13-14 жас) қыздар арасында

І орын – Саматов Мирас, №60 ЖББОМ        І орын – Әбдірахманова Майра, №60ЖББОМ

ІІ орын – Батырханов Айбар, №1 ОМ          ІІ орын –  Новикова Авигея, №60 ЖББОМ

ІІІ орын – Тілектесов Алдияр, №39 ОМ       ІІІ орын – Муздакбаева Карина, №60 ЖББОМ

(15-16 жас) ұлдар арасында  

І орын – Самигулла Еламан, №63 ЖББОМ

ІІ орын – Багижанов Дияз, №60 ЖББОМ

ІІІ орын – Аманқоссын Азамат, №6 ОМ

(17 +) ұлдар арасында                                    (17 +) қыздар арасында  

І орын – Таңатбек Диас, АУЭС                         І орын – Амангелдиева Жұлдыз, АСК

ІІ орын – Ақсейіл Байғабыл, Қ.Жұбанов ун.     ІІ орын – Сакенова Индира, Қ.Жұбанов ун.        

ІІІ орын – Сейлжан Мади, Қ.Жұбанов ун.

Педагог ұйымдастырушы                Нуржан Нурмаганбет