"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қазақстан Халықтарының бірлігі, ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне орай облыстық туристік-өлкетану  слётінің облыстық кезеңі  өткізілді

Ақтөбе білім басқармасы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Республикалық «Менің Отаным - Қазақстан» туристік өлкетану слетінің облыстық кезеңі 3-4 мамыр күндері Россовхоз елді мекеніндегі «Достық» лагерінде  өткізілді.

Ақтөбе облысының балалар мен жасөспірімдер туризмін, барлық халықтар мен ұлттар балаларының арасындағы мәдени байланыс және достық қарым-қатынасты дамыту, оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу,  туристік - өлкетану қызметін жүзеге асыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Слётке Мәртөк, Қобда, Хромтау ауданынан және қала мектептерінен 184 оқушы қатысып бақ сынасты.

Слёттің бағдарламасы бойынша бірінші күні  «Сөнбес жұлдыздар» (белгілі қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, ғалымдардың, еңбек ардагерлерінің өмір жолы) тақырыбында іздеу зерттеу жобасын қорғап,  «Ұзын» қашықтығы бойынша спорттық бағдарлаудан жарыс,  «Техникалық» қашықтықта команда жасаңды жол кедергілерінен өтіп және кешкі уақытта алдын ала берілген үй тапсырмалары Қазақстан халықтарының достығы фестивалі өтті. Бұл кезеңге оқушылардың ерекше, қызығушылықпен дайылдалғаны байқалды.

             Слёттің екінші күні  туристік бақылау маршруты туристік жорық ретінде өткізіліп, топографиялық белгілер және туристік түйін байлау кезеңдері өткізідлі.

             Слёттің жеңімпаздары «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының дипломдармен және Қалалық жас туристер стансасының  кубок, медальдарымен сонымен қатар топ жетекшілері мен барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Туристік – өлкетану слетінде «Жалпы топтық сынақ»  қорытындысы бойынша

I орын - №24 ЛМГ «Жас талап» командасы

II орын – ҚЖТС «ГСЮТ – Актобе» командасы

III орын – ҚЖТС «LEVSтур» командасы

III орын - №24 ЛМГ «Горизонт» командасы