"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты вело жорығы

Ақтөбе қаласындағы Қалалық  жас туристер стансасының «Турист әліппесі» үйірмесінің оқушылары арасында «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты вело жорығы ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы вело жорығының мақсаты үйірмешілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, шапшандылыққа, төзімділкке, ептілікке баулу, сонымен қатар туған өлкеміздің көрікті жерлерімен танысу болып табылады.

Вело жорықтың бағыты: Жаңақоныс елді мекені – ҚЖТС – Ақтөбе облыстық ауруханысы – Құршасай геологиялық разрезі – Жаңақоныс елді мекені бойынша жүргізілді.  Жалпы вело жорыққа үйірмешілер үлкен қызығушылықпен қатысып, жақсы көңіл - күймен қайтты.