"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Отбасы күніне орай «Әкем, анам және  мен - біз туристік отбасы» атты спорттық - туристік жарысы

Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен «Батыс - 2» шағын ауданында жаңадан ашылған Ұ. Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта  мектебінде 2017 жылдың  9 қыркүйегінде  Отбасы күніне орай «Әкем, анам және  мен біз - туристік отбасы»  атты  спорттық - туристік жарысы өткізілді.

Жалпы жарыс ата - аналар мен оқушылардың спорттық – туристік белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттық - туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа  3 - 4 класс оқушыларымен бірге  ата-аналарынан құралған

8 - топ қатысты. Жалпы қатысушылар саны 24 қатысушы болды.

Жарыс кезіңде топтар «Өрмелеу», «Қақпан», «Маятник», «Буреллом», «Траверс» туристік жол кедергілерінен өтіп бақ сынасты. Сонымен қатар оқушылар ата – аналарымен бірге  өлкетану  тапсырмаларын орындап, өлкетану бойынша өз білімдерін жетілдірді. 

Жарыстың қорытындысы бойынша І орын – Медешевтер әулиеті «Бәйтерек» тобы, ІІ орын – Алиевтер әулиеті «Қыран» тобы, ІІІ орын – Жатыбаевтар әулиеті «Батыс» тобы дипломдарымен, ал жарысқа белсенді қатысқан отбасыларға мадақтама қағаздары табыс етілді.