"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Еңбек мерекесі – елдің берекесі»

2017 жылдың 21 қазан күні тәрбие жұмысының «еңбек және экономикалық» тәрбие бағыты бойынша оқушылардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту, адам өміріндегі маңызын түсіндіру, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты үйірмешілер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Барлығы 41 оқушы қатысты.


Оқушылар бірнеше мамандық түрлеріне тоқталып, олардың ерекшеліктерін талқылады, өздерінің дайындап келген өнерлерін көрсетті, еңбекке байланысты мақалдардың жалғасын тауып, тренингтерге қатысты, 
өз ойларын ашық айтып, ортаға салды. Дөңгелек үстел өз мәресіне жетті.