"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Есет Көкіұлының – мәңгі өшпес рухы»

2017 жылдың 31 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Есет батырдың 350 жылдығына орай «Есет Көкіұлының – мәңгі өшпес рухы» атты өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды. Маршруты: Ақтөбе қаласы, Қалалық жас туристер стансасы – Алға ауданы, Бестамақ ауылы – Есет батыр кесенесі - Ақтөбе қаласы, Қалалық жас туристер стансасы. Оқушылар осы маршрут бойынша білімдерін кеңейтіп, тарихи ұлы тұлға Есет Көкіұлының өмір жолымен және ерліктерімен танысты. Айтулы шараға барлығы 60 оқушы қатысты. Экспедиция кезінде Есет Көкіұлының кесенесіне, музейіне шолу экскурсиясы және Бестамақ елді мекеніне өлкетану-экология бағытында зерттеу жұмыстыры жүргізілді. Балалар Есет батыр рухына тағзым етіп, экспедициядан үлкен әсер алып қайтты.