"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Гүлдене бер, Қазақстан!»

Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен өткізілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Гүлдене бер, Қазақстан!» қалалық өлкетану олимпиадасының ақпараты

 

2017 жылы 8 желтоқсан күні қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жне ҚР Тәуелсіздік күніне орай 8-10 класс аралығындағы оқушыларға арналған «Гүлдене бер, Қазақстан» қалалық өлкетану олимпиадасы өтті. 

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақстандық  патриоттыққа, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи әлемдік көзқарасын дамыту, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру  болып табылады. 

Олимпиадаға қаламыздың   17 мектебінен 51 оқушы қатысты. 

Өлкетану олимпиадасының бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрды: 

1. «Өз өлкесінің білгішітері» (Ақтөбе облысы және қаласының тарихы, мәдениеті, экологиясы, танымал тұлғалары бойынша  тест жұмыстары)

2. Зияткерлік лабиринт кезеңі (Ақтөбе аудандарына сипаттама беру және картамен жұмыс)

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын – Айсауыт Ақназар № 10 жалпы білім беретін орта мектеп.

ІІ орын – Байтулиев Мейіржан № 50, Тұрғанбаева Ұлмекен № 53, Жанабаев Мирас М. Арын атындағы қазақ орта мектебі. 

ІІІ орын – Камзина Айнара № 28, Бади Айберген № 45, Сағындықов Расул № 34 орта мектеп.

Байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласының білім бөлімі атынан дипломдармен марапатталды.